80-дегі қария әлі күнге дейін аң аулайды
80-дегі қария әлі күнге дейін аң аулайды
283
оқылды

Әлгі қария Аллаберді Ақшабаев Маңғыстау облысының Жарма елдімекенінде тұрады. Аңшылықты кәсіп еткен қария әлі күнге дейін аң аулап, қақпан құрады.

[caption id="attachment_85880" align="alignleft" width="510"]күн ©сурет интернеттен алынды[/caption]

 «Ол кезде ауыл тұрғындарының азығы – даланың аңы. «Мергеннен – сыралғы, батырдан – сауға» демекші, кезінде аңшы алған аңның етін бүкіл ауыл болып бөліп жеген. Бүгінде елдімекеннің тау-тасы, құмына басылған ізді танимын. Алғаш рет аңға 20 жасымда шықтым», - деді Аллаберді Ақшабаев.

[caption id="attachment_85881" align="alignright" width="492"]күн ©сурет интернеттен алынды[/caption] Маңғыстау немесе өзге өңір болсын, малға қасқыр шапса, Аллаберді ақсақалды арнайы іздеп келеді. Қақпан құруға келгенде оның қолы епті. «Аңға шықсам, тұла бойым кеңіп сала береді. Қақпан құрмасам да кең даланы бір шарлап келсем болғаны» дейді қарт.