Қазақстандық дәрігерлер Германияда оқытудан өтеді
Қазақстандық дәрігерлер Германияда оқытудан өтеді

Жиын барысында шетелдік инвесторларға еліміздің әлеуеті мен бизнес жүргізуге қолайлы мүмкіндіктері таныстырылып, бірқатар меморандумға да қол қойылды.

Олардың бірі Ақмола облысында трактор жинауды жоспарласа, екінші компания Қазақстанның үш қаласында медициналық клиникалар ашады. Дәрігерлерімізді Германияда оқытуды да көздеп отыр.

– Кәсіби кадрлардың білім алуына үлкен көңіл бөлмекпіз. Сондықтан қазақстандық дәрігерлер Германияға тәжірибеден өтуге келеді. Бізде қазір 50 клиникадан тұратын медициналық мекеме желісі бар. Сол жердегі мамандар Қазақстаннан келген қызметкерлермен өз тәжірибесімен бөліседі, – дейді «MDX International GmbH» компаниясының басқарушысы Герд Рагер.

Кеңесшінің айтуынша, Бұл орталықтың ерекшелігі: дәрігерлер Еуропада жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек жыл сайын 150-ге жуық қазақстандық дәрігер Германияда 12 айлық қайта оқытудан өтеді екен. – Олар өздерінің біліктілігін арттырып қана қоймай, еуропалық деңгейде жалақы алады. Кейін Қазақстанда салынатын ауруханаларда жұмыс істейді, –  деді кеңесші Отто Хоффман.