Мектеп жанында пышақ ұстап жүрген ер адам ұсталды

Мектеп жанында пышақ ұстап жүрген ер адам ұсталды

Францияның Париж маңындағы мектеп жанында пышақ ұстап жүрген ер адам ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, ол өте ашулы болған. Тіпті, мектептен балаларын алып қайтып жатқан ата-аналарға тиісіп, балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткен. Содан оқиға орнына полиция жасағы тез келіп, бірнеше минуттан кейін бейнебақылау камераларының арқасында күдіктіні қамауға алады.