Головкин IBF титулын қорғайтын болды
Головкин  IBF титулын қорғайтын болды
IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35КО) желтоқсан айында чемпиондық белдігін қорғайтын болды. Бұл туралы Aikyn.kz   essentiallysports-қа сілтеме жасап хабарлайды. Майк Коппинджердың айтуынша, DAZN стриминг компаниясы GGG мен Шеремета жекпе-жегін 18-19 желтоқсанда өткізуді жоспарлаған. Айта кетейік, Камил Шеремета (21-0-0,5 КО) орта салмақтағы IBF титуылының  қарсыласы.  Головкин айқастан бас тартса, IBF чемпиондық атақты қайтарып алуға құқылы.