Жүлделі болған Байғазин

Жүлделі болған Байғазин

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі «Мәскеу премьерасы» фестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. Оның бірі кинофестивальдің гран-приі болса, екіншісі – Ресей киноклубтарының жүлдесі.

Биыл халықаралық «Мәскеу премьерасы» фестивалі 29 қазан мен 3 қараша аралығында Мәскеу қаласындағы «Горизонт» кинотеатрында өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Молдова, Украина, Грузия, Латвия, Эстония, Ресей және тағы басқа елдердің кинематографистері қатысты.

Салтанатты шарада әділқазылар алқасының шешімімен режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі фестивальдің гран-при жүлдесіне ие болды. Кинофестивальдің әділқазылар мүшелерінің қосалқы құрамында болған Ресей киноклубтарының өкілдері бұл фильмді үздік деп таныды.

Осыған дейін Эмир Байғазинның бұл фильмі 75-рет ұйымдастырылған Венеция кинофестивалінде үздік режиссерлік жұмыс үшін «Алтын арыстан» жүлдесіне ие болған.

Кинофестивальдің бағдарламасына екі конкурстық көрсетілім кірді: толықметражды және қысқаметражды фильмдер мен бірлескен өндірістің үздік фильмдерінің конкурстан тыс көрсетілімі. Бұған Қазақстаннан халықаралық фестивальге режиссер Сергей Дворцевтың «Айка» фильмі, режиссер Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі көрсетілді. Бұл кинотуындыларды жұрт конкурстан тыс уақытта тамашалады.

Сонымен бірге «Халықтар достастығы» циклімен іріктелген ең үздік толықметражды фильм дебюттері мен кеңестік классика көрсетілді. Осыдан былай бұл фестиваль жылда өткізілмекші.

 

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ