Жоғалған балықшының денесі Ақмола облысынан табылды

Жоғалған балықшының денесі Ақмола облысынан табылды

7 қарашада сағат 16.30-да Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Астрахан ауданының Баршын көлінен осы жылғы 23 қазанда жоғалып кеткен ер адамның денесін тапқанын мәлімдеді.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, 23 қазанда Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Баршын көліне төрт адам балық аулау үшін барған болатын. Сол күні кешке үшеуі металл моторлы қайықпен көлде жүзген. Ал біреуі жағалауда қалған. 2020 жылғы 28 қазанда іздеу тобы екі балықшының денесін тапты.​ Ал үшінші балықшыны іздеу жұмыстары 14 күнге созылды.