Джонни Депп The Sun газетімен соттасқаннан кейін «Fantastic Beasts 3» фильміндегі рөліне түспейтін болды.
Бұл туралы актер Warner Brothers басшылығынан естіді. Кинокомпания зорлық-зомбылықпен аты шыққан актермен жұмыс істегісі келмейтінін жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы The Sun Голливуд актерінің бұрынғы әйелі Эмбер Хердті ұрғанын жазған болатын. Депп соттың шешіміне наразылық білдіріп, барлық айыптауды жалған деп отыр.