Nur Otan Trends: ЖОО-дағы жемқорлық мәселесі
Nur Otan Trends:  ЖОО-дағы жемқорлық мәселесі
144
оқылды

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген оты­­рысында Елбасы – Nur Otan партиясының Төра­ғасы Н.Назарбаев жоғары оқу орындарындағы жемқор­лықты жою мәселесін кө­терген болатын. Осыған орай, партияның жанынан құрылған Jas Otan Жастар қанаты биылғы оқу жылы басталғанда «Таза сессия» акциясын ұйымдастырды. Оған 15 мыңға жуық студент атсалысты. Нәтижесі БАҚ бет­­терінде, әлеуметтік же­лі­­лерде жарияланған соң тұр­­ғын­дар арасында түрлі әңгімелер айтылды.

Осы орайда, қоғамдағы өзекті әрі маңызды мәселелерді ашық талқылап, оның шешу жолдарын қарастыратын Nur Otan Trends-те бұл мәселе бойын­ша талқылау өткізді. Пікірсайыс алаңында жоғары оқу орын­да­­рындағы жемқорлықтан арылу мәселесін Jas Otan Жас­тар қанатының жетекшісі Дәулет Кәрібек, Білім және ғы­лым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін­гі білім департаментінің ди­ректоры Әділет Тойбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі Жем­қор­лыққа қарсы саясат депар­таментінің директоры Данияр Сабырбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев талқыға салды. Сондай-ақ Transparency International Kazakhstan-ның атқарушы ди­ректоры Ольга Шиян, «Са­налы ұрпақ» студенттік клубы­­ның жетекшісі Дамир Әшіров, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің провосты Мирас Дәуленов те еліміздегі ең өзекті мәселенің жоғары оқу орындарында да белең алуына қатысты ойларын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Талқылау барысында бір­қатар келесі мәселелер кө­те­рілді. Атап айтқанда, ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық, сы­бай­лас жемқорлықтың заң­ды­лықтары, «Оқытушы-студент» арасындағы екіжақты жауапкер­шілік, Қазақстан қоғамындағы сыбайлас жемқорлыққа төзім­ділік деңгейі, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы білім беру бойын­ша ха­лықаралық тәжірибе және т.б. мә­селелер бойынша спикер­л­ер әңгіме өрбітті. Өз кезе­гінде Jas Otan Жастар қанаты­ның жетекшісі Дәулет Кәрібек Jas Otan Жастар қанаты ұйымдас­тырған сес­сияның нәтижелеріне кеңінен тоқталды.

таблица.jpg

Пікірталас соңында сарап­шылар жұмыстың ең негізгі ба­ғыты сыбайлас жемқорлықпен күресу деген тоқтамға келді.


Әбілмансұр ЖАСАН