Танымал теннисші үйімен бірге анасын сатпақшы
Танымал теннисші үйімен бірге анасын сатпақшы
134
оқылды

Экс-спортшы өзінің туған қаласындағы котеджін 2 миллион евроға сатпақшы. Үйдің ауданы – 449 шаршы метр, ал аумағы – 825 шаршы метр.

Бірақ ол үйін анасымен бірге сатуды меңзеп отыр. Өйткені баспананы алған адам оны үйден шығаруға құқылы емес. Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, неміс теннисшісі Борис Беккердің анасы Эльвира Беккер – 85 жаста.

Негізі бұл үй – теннисшінің осыдан үш жыл бұрынғы банкроттық туралы істе жарияланған мүліктердің қатарында көрсетілмеген. Тіпті тергеушілер Беккердің Лондон мен Германияда бизнесі, банктік шоттарда және бірнеше жылжымайтын мүлкі бар деп санайды. Егер ол дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда мұны жоққа шығарып отыр.

Борис Беккер – «Үлкен шлем» ойынының алты дүркін чемпионы. Ол 17 жасында Уимблдонның ең жас жеңімпазы атанған.