Әуекомпаниялар Қазақстаннан Мальдивке тікелей рейстер ашады
Әуекомпаниялар Қазақстаннан Мальдивке тікелей рейстер ашады
5,106
оқылды

Қазақстандық әуекомпаниялар Қазақстаннан Мальдивке тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Kaz.tengritravel.kz Aviata.kz сервисімен бірге ендігіде ұшу уақыты айтарлықтай қысқаруы мүмкін екенін хабарлайды.

"Эйр Астана" мен Sunday Airlines сәйкесінше 5 және 29 желтоқсанда Алматы - Мале алғашқы тікелей рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Жолаушыларды ұзақ магистральдарға арналған Airbus А321LR ("Эйр Астана") және Boeing 757 (Sunday Airlines) ұшақтары тасымалдайды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан - Мале тікелей рейстері ашылады деген үміт бар. Рейстер аптасына екі рет - сәрсенбі мен сенбі күндері ("Эйр Астана") және сейсенбі мен сәрсенбі күндері (Sunday Airlines) жүзеге асырылады. Айта кетейік, қазақстандық туроператорлар саяхатшыларды Дубай арқылы Мальдивке тасымалдайтын. Ұшу уақыты шамамен 11 сағат. Әуекомпаниялардың мәліметінше, тікелей рейстер ұшу уақытын екі есе қысқартады. Мальдив Республикасына кіру үшін Қазақстандықтарда ағылшын тілінде теріс ПТР-тест болуы қажет (тексеру нәтижесінің мерзімі 96 сағаттан аспауы тиіс). Бір жасқа дейінгі балалар анықтамадан босатылады. Бұл ретте келген бойда 14 күндік карантиннен өту талап етілмейді. Виза әуежайға келгеннен кейін тегін беріледі. Визаның жарамдылық мерзімі - оны алған сәттен бастап 30 күн. Әуекомпаниялар рейстер коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан рұқсат алған кезде ғана орындалатынын атап өтті.