Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бижамал Рамазанованың өзіне сеніп тапсырылған жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді. [caption id="attachment_85977" align="alignnone" > ©tengrinews.kz[/caption]