Әлемде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты

Әлемде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты

Әлемде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты. Бұған Worldometers порталының мәліметтері дәлел. 8 қараша күні таңертең әлемде коронавирустық инфекцияның 50 263 885 жағдайы тіркелген. Сонымен бірге 1,25 миллионнан астам жағдай белсенді күйінде қалып, тағы 35,54 миллион адам сауығып кетті. Пандемия басталғаннан бері 1 256 354 адам қайтыс болды. Алайда Джон Хопкинс университетінің жобасы бойынша инфекция жұқтырғандар саны  49 822 322 құрайды. Инфекция жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ-та (9,85 миллион), одан кейін Үндістан (8,5 миллион), Бразилияда (5,65 миллион), Ресейде (1,74 млн) және Францияда (1,7 млн).