Анадолы агенттігінің мәліметінше, ресми мәліметті Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) таратты.
Дереккөздің жазуынша, 30 қазандағы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 2846 афтершок тіркелген. Оның ішінде 46 жағдайда жерасты дүмпуінің магнитудасы 4 балдан асқан.Измирде 30 қазаннан бері жер сілкінісінің зардаптары жойылып жатыр.Зілзала салдарынан 115 адам қаза болып, 1 035 адам жарақат алған. Оның шінде, 1 011 тұрғынға медициналық көмек көрсетілген. 23 адам әлі де ауруханада емделіп жатыр. Измирдегі қираған ғимараттардың бәрінде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.