Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешімімен Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді.
9 қарашадан бастап Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокпост қойылды. Олар Мамлютка қаласы, Бескөл ауылы, Булаев қаласы, Солнечный ықшамауданы және Шаховское елді мекені бағыттары бойынша орналасады.