Атырауда 84 жастағы әжені тонап кеткен күдікті ұсталды
Атырауда 84 жастағы әжені тонап кеткен күдікті ұсталды
93
оқылды
«Оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Кіреберіс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, ер адам біреудің үйіне заңсыз кірген. Бұл кезде үйде әжеден басқа ешкім болмаған. Қылмыскер зейнеткердің алтын сырғаларды жұлып алған. Жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер 28 жастағы күдіктіні ұстады. Оның әрекеті ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) келеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген ПД-ның ресми хабарламасында.