Оралда 15 жастағы қызға «үйленген» ер адамды жауапқа тарта ма?
Оралда 15 жастағы қызға «үйленген» ер адамды жауапқа тарта ма?
103
оқылды

Екеуінің некелескен сәтіне ешкім куә болмаған.

«16 қыркүйекте Бөрлі ауданының полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз түскен. Полиция қызды Орал қаласынан тапты. Кейінірек оның сыртқы белгілері бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен шариғат заңы бойынша заңсыз некеге отырғаны белгілі болды. Неке дегенді сылтау етіп, ер адам 2005 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспіріммен қасақана жыныстық қатынасқа түскен» делінген ресми хабарламада.

Қыз қара түсті жамығымен бүркеніп, бетін толығымен жауып алған, оған қоса отбасымен барлық байланыстарды үзуге тырысқан.

«Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер» (5 жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық жауапқа тарту қарастырылады», – дейді полицейлер.