Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді. Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады. Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді. Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді. Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына15-20 метр жел тұрады. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді. Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.