Мал тасимын деп 8 млн айыппұлға ілікті
Мал тасимын деп 8 млн айыппұлға ілікті
179
оқылды

Алматы облысында құжатсыз мал мал тасымалдаудың 656 дерегін анықталды.

Алматы облысының тәртіп сақшылары тиісті қызметтерімен бірлесе отырып, аймақтан қажетті құжаттары жоқ мал тасымалдаудың 656 дерегін анықталды.

Оның 277-іне материал толтырылды. Ал заң талаптарын орындамаған жүргізушілерге 8 миллион 92 мың теңгенің айыппұлы салынды.

 

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында мал тасымалдаушының тиісті құжаттарын тексеру барысында малдың құжаттары дұрыс болмай шыққан. Сөйтіп, барымталықпен айналысатын 5 адамнан тұратын топтан 40 жылқы тәркіленді.

 

Облыстық полицейлер мал ұрлығының алдын алу үшін қазір мал және ет өнімдерін тасымалдауын қатаң бақылауға алған. Үлкен жолдар бойында посттар қойылып, тасымалдауға тиісті құжаттар қатаң қадағалауда.

 

Осындай шараның арқасында, мал ұрлығы 20 пайызға төмендеген екен.