Жамбыл облысында 4 ауыл біріктіріледі
Жамбыл облысында 4 ауыл біріктіріледі

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында төрт елді мекен жақын орналасқан ауылдарға қосылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің Сәулет және құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Досанов хабарлады.

Оның айтуынша, халқының саны 50-ге жуық 8 елді мекенде оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Яғни, Мойынқұм ауданында халықтың тұрмауына байланысты төрт ауыл таратылады.

 – Ал Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарындағы төрт ауыл жақын орналасқан елді мекенге қосылатын болады, – дейді Д.Досанов.