Зейнетке шығу жасы төмендей ме? – Маминнің жауабы
Зейнетке шығу жасы төмендей ме? – Маминнің жауабы
203
оқылды

Оның айтуынша, елімізде зейнетке шығу уақытын белгілеуде халықаралық тәжірибе негізге алынған.

«Экономикалық ахуал, халықаралық тәжірибені және экономикалық әрі демографиялық факторларға негізделген ұзақ мерзімді өзекті болжамды ескере отырып, зейнет жасын көтеру қажеттілік саналады. Жұмыспен қамтылған халыққа зейнеткерлер санының арақатынасы артып келе жатқанын да ескерген жөн. Егер 2010 жылы 1 зейнеткерге – 4,8 жұмыс істеуші болса, 2015 жылы 4,3, ал 2019 жылы 3,9 жұмысшы болды. Бұған қоса, халықаралық тәжірибеге жүргізілген шолу қарт адамдар үлесінің артуының тұрақты тенденциясын көрсетіп отыр. Бұл да еңбек нарығындағы ахуалға ықпал етеді. Орташа есеппен алғанда әлемде 65жастан асқан тұлғалардың үлесі 10 пайызға өсетіндігін болжанып отыр. Бұл да өз кезегінде зейнетақы жүйесінің тұрақтылығына әсерін тигізеді. Осыған орай зейнет жасын көтеру әлемнің көптеген елінде орын алуда. Осылайша, зейнет жасын көтеру халықаралық тәжірибеге сай келеді және әлемдегі экономикалық және демографиялық ахуалға байланысты орын алады», – деді Асқар Мамин.