Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осымен екінші күн қатарынан аймақта дауыл соғатыны жайлы ескерту жарияланған.
Ұлан мен Зайсан аудандарында желдің екпіні қатты болғандықтан, бірнеше ғимараттың шатырсыз қалды. Ұлан ауданы Асубұлақ ауылындағы жалпы аумағы – 226 шаршы метр аурухана ғимаратының шатыры желге ұшқан. [caption id="attachment_86101" align="aligncenter" > Фото: ТЖД-нен алынды[/caption]«Зайсанда желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетіп, соның салдарынан Кондюрин көшесіндегі тұрғын үйдің, М. Дауленов атындағы мектеп-интернаттың, Әуезов атындағы мектеп пен Боқажанов көшесіндегі ғимараттың шатыры бүлінді» делінген департаменттің хабарламасында.