Алдағы үш күнде жауын-шашын жауып, жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.