7 жасар қыз полицияға хабарласып, анасын құтқарып қалды

7 жасар қыз полицияға хабарласып, анасын құтқарып қалды

7 жасар қыз әкесінің анасын ұрып-соғып жатқаны туралы полицияның "102" пультіне қоңырау шалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. Шақыруға учаскелік полиция инспекторы дереу келді. Тексеру барысында отбасының 43 жастағы отағасы алкоголь ішіп, тұрмыстық негізде отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықталды. Қорқып қалған қыз полицейлерді шақырды. Отбасылық жанжал шығарушыдан аңшылық қару тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Еске сала кетсек, елордада "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы жалғасуда. Оның мақсаты - қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша азаматтарға түсіндіру әңгімелерін өткізу. Жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 263 мыңнан астам үйді аралап шықты. ІІО-ның есебінде тұрған 14 мыңға жуық адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сонымен қатар, жалға берілетін 2 922 пәтер анықталды. 23 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 284-тен астам бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы "отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер"бойынша анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша "ұсақ бұзақылыққа" қатысты 383 бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша "қоғамдық орында масаң күйде болудан" 3 300-ден астам бұзушылық анықталды.