Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды

Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

- 9 қараша күні сағат 12.00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін  есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құрал алып, есікті ашқан, - делінген облыстық ПД баспасөз  қызметінің хабарламасында.
Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген. Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Аталған үйдегі тұрғынның айтуынша, көршілер болған оқиғадан шошып  қалған.
- Олар осы жақтан емес, - дейді ол. - Үш баласы болды. Әйел жас, сүйкімді еді. Ол балаларын  Ертіске апаратын, қорғап жүретін.   Балалар әрқашан таза, ұқыпты киінген. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық, - дейді олар.