Коронавирус жұқтырған әнші босану кезінде қайтыс болды

Коронавирус жұқтырған әнші босану кезінде қайтыс болды

Белгілі Ресей әншісі Лилия Сабирова жүктілігі кезінде коронавирус жұқтырып, босану кезінде қайтыс болды, бала өлі туды, - деп хабарлады «Россия Татарстан».

«Лилия өте мейірімді болатын. Біз бір-бірімізді қатты сүйетінбіз. Біз ешқашан бөлек жатып көрген емеспіз. Ол мен секілді ислам шарттарын сақтап, намаз оқып, ораза тұтып келді», ‒ дейді әншінің жары Галимзянов.

Сабирова коронавирусты жүктілігі кезінде жұқтырған. Ол өкпесінің зақымдануынан ауыр халде болған. Әншіні өлі туған ұлы Джамилмен бірге жерледі.

Лилияның өнерін мына жерден тамашалай аласыздар.