Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ хирургы адам қабырғасынан құлақ жасады

Тәжірибиелі хирург қазір зерттеуін әлі де жалғасатыруда.

Рая Мінап
Қараша 9, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Қазақ хирургы адам қабырғасынан құлақ жасады
220
қаралым

Елімізде бет-әлпетін әдемі етемін деп әлекке түсетіндер көбейді. Көзінің түсін құбылтып, мұрнының пішінін кішірейтіп, ернінің көлемін үлкейтетіндердің бары көпшілікке таңсық емес. Алайда, кейбір жандар үшін он екі мүшесінің сау болуы да арманға айналған. Солардың бірі микротия, яғни құлақсыз өмірге келген жандар десек те болады. Есту мүшесінің жарғағына күрделі операция жасату шетелде елу мың АҚШ долларынан басталады екен. Бірақ өз елімізде дәл осы отаны жасауға кіріскен хирург жұртты қыруар қаражатты шет мемлекеттерге шашпауға шақырып отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Он үш жылдық тәжірибиесі бар Нариман Сатылғанов туа пайда болған патологиялармен айналысып келеді. Ерін жырығы, таңдай ісігі сынды дертке шалдыққандарға шамасы келгенше көмектесіп, сау болып кетуіне жағдай жасауда. Енді шет елдің тәжірибиесіндегі тағы бір сырқатты емдеудің күрделі жолын зерттеп, отандық медицинаға әкеліп қосты. Ол құлақсыз өмірге келген балалар мен азаматтарға өзінің қабырға етінен құлақ жасап, сау адамға айналдыруда. Тыңғылықты білімнің арқасында қазір бұл бағытты да жақсы меңгерген.

Нариман Сатылғанов, Ақсай балалар ауруханасының бет-жақ және мойын ауруы хирургы:

Алматыда 3 балаға жаңа әдіспен ота жасалды

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Жүрегі тоқтап қалған адамды аман алып қалған хирург

 

Халықтың сұрауы бойынша құлақ туа пайда болған аурулармен байланысатын болдық. Ол деген микротия, трезия патологиялары және туа пайда болған дефармациялар соны емдей бастадық. Тәжірибие бұл Еуропаның тәжірибиесі Ішінде біз айтып жатырмыз ғой ең керекті ішінен іріктеп алып жатырмыз.

 

Отандық дәрігердің жасаған операциясы құлақтың сыртқы бөлігін қалпына келтіру. Күрделі болғандықтан 8 сағатқа дейін ота үстелінің маңында болыпты. Қабырғадан алынған ет әзірге косметикалық тұрғыда жасалған. Болашақта құлақтың өзіне де ота жасауды көздеп отыр. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады екен. Жаңа құлақ әуелі бас мүшесіне жабысып тұрады. Бір жылдың көлемінде оны ажыратып, қалыпты құлаққа айналдырады екен. Ал, мұндай жұмыс кезінде қабырғаға ешқандай өзгеріс болмайды, дейді.

Нариман Сатылғанов, Ақсай балалар ауруханасының бет-жақ және мойын ауруы хирургы:

 

Өзгерістер болмайды. Өйткені біз сүйекті алып жатқан жоқпыз. Тек қана жұмсақ хришевой поверхность дейді соның бөліктерін алып-алып соны қосып құлақ қалқанын жасап жатырмыз. Одан ешқандай өзгеріс болмайды.

 

Мұндай ота жасау көршілес Ресей еліне үш-төрт жылдың көлімінде келіпті. Ал, АҚШ пен Еуропа бұл бағытта көш ілгері. Қабілетті дәрігерлердің қолына ота жасату да тым қымбатқа соғады екен. Мәселен, Америка да 100 мың доллар сұраса, Еуропа елдерінде 50 мыңнан 70 мыңға дейін бағаланады екен. Қазір отандастарымыздың арасында мұндай дертке шалдыққандар сол жақтарға ағылып жатқан ұқсайды. Ал, алғашқы тәжірибиесін өткізген хирург бұл әдісті де кеңінен насихаттап елімізде де жасауға болатындығын халыққа айту қажет, дейді. Оның құны да тым қымбат болмау керек деп санайды. Сондықтан, министрліктен көмек болса, біз де тартынып қалмаспыз деген пікірде.

Нариман Сатылғанов, Ақсай балалар ауруханасының бет-жақ және мойын ауруы хирургы:

 

Бізде қанша бала бар мысалы егерде 2000-3000 бала бар. Егерде әрбір бағасын елу мың, жүз мың долларға көбейте берсек, біздегі мынау қазақстанның экономикасына қатты әсер етеді деп ойлаймын. Егерде біз осы операцияға министерстводан ақша бөлінсе, біз өзіміз тек қана өзімізді дамытпай, басқа шет елдердің балаларын қабылдауға дайынбыз.

 

Алғашқы ота мемлекеттік квотомен жасалған. Енді ары қарай да алып кетеміз дейді ақ халатты абзал жан. Негізінен бұл бағыт бойынша біздің елдегі медицина қатты дамымағандықтан, құлақсыз жүрген азаматтардың арасында жасы ұлғайып кеткендері де бар екен. Алайда, операция жасау үшін ешқандай жас шектеуі жоқ, сол себепті әрбір жанға бақыт сыйлауға әзір. Қолы жеңіл хирургты тек қана Алматы қаласының тұрғындары ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен іздеп келушілер бар екен. Қазіргі уақытта ата-аналар ең алдымен ғаламторды ақтарып мықты деген дәрігерді таңдауды үйрене бастапты. Өйткені, бейненің сұлулығына зақым түспесе деген ойда.

Гаухар Исабекова, Аягөз қаласының тұрғыны:

 

Баламызда ерні жырық болған еді, қазір операциясынан өттік. Тәуірміз! Рахмет, бәрі ойдағыдай өтті операциямыз. Бүкіл желілерден іздестірдім, инстаграм, желілер тек қана осы кісінің аты бірінші шығады ғой.

 

Тәжірибиелі хирург қазір зерттеуін әлі де жалғасатыруда. Өйткені, болашақта мұндай жағдаймен келетіндердің көбейе түсетініне сенімді. Сондықтан ең алдымен практика жүзінде меңгеру, тәжірибиеде аса қатты қиындық тудырмайды дейді. Ал, жаңа құлаққа жасатқан он бес жастағы жеткіншек бір аптадан кейін ауруханадан шығарылмақ. Алғашқы кезеңі сәтті өткендіктен, екінші кезеңіне де дәрігерлер сақадай сай тұр.

 
Тегтер: адам қабырғасықұлақхирург
Алдыңғы жаңалық

Павлодар полицейлері Екібастұзда өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түсті

Келесі жаңалық

Зайсандағы дүлей дауыл екі мектепті шатырсыз қалдырды

Ұқсас жаңалықтар

алғыс
Әлеумет

Қазақ халқына мың алғыс

Ақпан 27, 2021
тәуелсіздік
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Ел тірегі – тәуелсіздік пен татулық

Ақпан 27, 2021
сал ауруы
Денсаулық

Сал ауруына ем бар ма?

Ақпан 27, 2021
Азия Авто
Әлеумет

«Азия Авто»: 1 969 жұмысшы қайда барады?

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ халқына мың алғыс

Ақпан 27, 10:00

Ел тірегі – тәуелсіздік пен татулық

Ақпан 27, 09:30

Сал ауруына ем бар ма?

Ақпан 27, 09:00

«Азия Авто»: 1 969 жұмысшы қайда барады?

Ақпан 27, 08:40

Атырауда ысырапшыл емхана аз емес

Ақпан 27, 08:20

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 08:00

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 07:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

алғыс

Қазақ халқына мың алғыс

Ақпан 27, 2021
тәуелсіздік

Ел тірегі – тәуелсіздік пен татулық

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»