«Тасбөгет» ұйымы делегат ұсынды

«Тасбөгет» ұйымы делегат ұсынды

Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Тасбөгет» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті.

Бұл бастауыш партия ұйымында 6 топтық ұйымнан біріктірілген 319 пар­тия мүшесі бар. Аталған жиын пандемия жағдайына байланысты барлық са­ни­тарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылғандық­тан, оған барлығы 70 партия мүшесі қа­­­тыстырылды. Отырыс кезінде сөз алған бастауыш пар­тия ұйымының төрағасы Ғани Сар­дарбеков жиынның негізгі күн тәртібі «Nur Otan» партиясы Қызылорда қала­лық филиалының кезектен тыс XXVI кон­­ференциясына делегат ұсыну екенін атап өтті. Ұйым мүшелері күн тәртібін ор­тақ талқыға салып, бірауыздан бас­тауыш ұйым төрағасы ретінде Ғани Сар­­­дарбековті ұсынды. Жалпы, «Nur Otan» партиясы Қызы­лор­да қалалық филиалында 8 486 пар­тия мүшесі бар. Олар 252 топтық ұйым­дар­мен 36 бастауыш ұйымдарға топтас­қан. Елбасы – партия Төрағасы Н.Назарбаев «Бастауыш партия ұйым­дары белсенді саяси жұмыстың нағыз ор­­та­лығына айналуы тиіс»  деп атап өткендей, партия филиалы тарапынан партияның ұйымдық негізін құрайтын бастауыш партия ұйымдарының базасы ны­ғайтылып, жұмысына айрықша көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта бастауыш ұйым тө­ра­ғаларының 11-і қалалық партия фи­лиалы Саяси кеңесі мүшелігіне, 3-еуі Сая­си кеңес бюросы құрамына енгі­зіл­ген. Сондай-ақ 3-еуі қалалық және об­лыстық мәслихат депутаттары екенін ай­та кеткен жөн.

 Әбілмансұр ЖАСАН