Екі айда 2 мың баспанадан өрт шықты
Екі айда 2 мың баспанадан өрт шықты
121
оқылды

Мұржалардан түтін будақтап, пеш­­­тер жағыла бастағалы елде көп баспана отқа оранған. Жылда осы: жылыту маусымы Қазақстандағы баспанасыздық проблемасын ушық­­тыра түседі. Төтенше жағ­дай­­­лар министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап тұрғын үй сек­торында 2 мыңға жуық өрт болды. Яғни, осынша баспана жанып кетті. Өкініштісі, адамдар көз жұмды.

Айтқандай, өртпен күресушілер алдын ала қимылдап, биылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында ауыл-аймақта пеш­терді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талап­тарын түсіндіруге бағытталған «өрт қауіп­сіздігі айлығының» І кезеңін ұйым­дастырған. Үйлерді аралаған. Содан 20 қыр­күйекте қайта оралса, көп үйде бұрын анықталған ереже бұзушылықтар сол қалпы қалғанына куә болыпты. – Жылыту маусымы басталғалы, яғни 1 қыркүйектен бері тұрғын үй секторында 1 761 өрт болды. Салдарынан 47 адам мерт болды. Өрт туындамаса да, улы газбен уланған 7 адам қаза тапты, – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уали. Алаңдатар жайт: өткен жылыту мау­сымының ұқсас кезеңімен салыс­тырғанда өрттер саны 7,3%-ға өскен. Ал өрттен келген өлім-жітім 9,6%-ға, улы газбен уланудың өлім-жітімі 30%-ға төмендеді. 2020-2021 жылдары жылыту маусы­мының екі айдан сәл астам кезеңінде өрт салдарынан 55 адам, иіс тию себебінен 51 адам зардап шекті. Т.Уәлидің айтуынша, өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңімен салыс­тыр­ғанда өрт кезінде жарақат­танған­дардың 12,2%-ға және улану нәтижесінде жарақат­танғандардың 13,3%-ға өскені байқалады. ТЖМ мамандары тексеру барысында 45 мың үйде 83 мыңнан астам өрт қауіп­сіздігі талаптарын бұзушылықты анық­тады, оның 33 мыңы сол жерде жойылды. Қайта тексеру кезінде 132 үйге иелері кіргізбей қойыпты. 604 үйде иелері бол­маған. 16 мың үйде ереже бұзушы­лықтар әшкереленді.

Елдос СЕНБАЙ