Карантин кезінде Семейдегі мейрамханалардың бірінде түсірілген үйлену тойының видеосы тарап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.
Видео кадрларынан қазақстандық спортшылар – «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты көруге болады. Сондай-ақ тойда кем дегенде 100 адамның жүргені көрінеді. Олар маска тақпаған және әлеуметтік қашықтықты сақтамаған. Полиция өкілдері желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.. «7 қарашада сағат 17.30-да арнайы бақылау тобы жүргізген рейд барысында Бегалин көшесінде орналасқан «Салтанат Сарайы» мейрамханасында той өткені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жиналып, процессуалдық шешім шығару үшін қалалық санитарлық-эпидемиялық қызметке жолданды», – деді полицейлер.А.ҚОНЫС