Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Постковидтік синдром: ауырғандар әлі қалыпқа келе алмай жүр

«Айқын» ақпарат
Қараша 10, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
синдром

© коллаж: Елдар Қаба

531
қаралым

Коронавирустан айыққан адамдардың шашы уыс-уыс болып түседі, тіпті алапес-ало­­пецияға ұшырайды. Кейбір сырқаттың иіс және дәм сезу қабілеті сол бойы қалпына кел­­­­меген. Әртүрлі галлюци­нация елестейтінді шығарған. Құс ұйқы болғандар көп. Тектен-тек кеудесі қысып ауы­ратыны жетерлік. КВИ арты диабетке әкеп соқтырған жағ­­дайлар да бар. Бұдан адамның жынданып кетуі ғажап емес. Отандық дәрігерлер COVID-19 індетіне шалдыққан жұртты неврологиялық кеселдер жай­лағанын айтып, дабыл қағуда.

Жұпар иісі аңқымас…

Алматылық журналист Әйгерім отбасымен бірге коронавируспен ауырыпты. Ол індеттен жазыл­ған­­­дарына 5 ай өтсе де, оның отба­сын­­дағы 3 адамның әлі күнге иіс пен дәм сезбейтінін айтады. «Енді олар өмір бойы иіс пен дәм сезуден қала ма?» деп қорқады әріптесіміз. Адам айна­ладағы жұпар иісті құшырлана жұта алмаса, алдағы жеңсік астың дәмін сезбесе, өмірден де мән кетеді. Отан­­дық дәрігерлер мен ғалымдар осын­дай кесапатқа кезіккен сыр­қаттарды мазалаған сұрақтарға нақ­ты жауап тапқан жоқ. Әзірге бұл бағытта ғы­­лыми-зерттеулер жүр­гізіліп жат­­қанына сілтейді.

Әлемді ен жайлаған қауіпті ви­­рустың салдары жаман. Мичиган университетінің доценті Филип Вли­­­­­­сидес жетекшілік еткен АҚШ-тың медицина мамандары COVID-19 науқастарының төрттен бі­­­­рінде немесе шамамен 24%-ында ақыл-естің бұзылуы (делирия немесе помрачение сознания), қызу сан­­дырағы (горячечный бред) айық­қаннан кейін де сақталып қалғанын анықтады. Ал кейбірі алжасып кет­­­кен.

Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 2 облысы «қызыл» аймаққа енді

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды

MedRxiv жариялаған зерттеуде ақыл-санадағы бұзылушылық­тардан пациенттердің бір бөлігі бір­­­­­не­ше ай­дан бері зардап шегетіні айтылады: «КВИ сырқаттары арасын­­да дели­рия, ақыл-естің бұзы­луы – ең кең таралған симптом. Бақылаулар көр­­­сеткендей, олардың шамамен 24%-ын­­да де­лирия сауығып шық­қан­нан кейін де сақталып қала береді».

SARS-CoV-2 коронавирусы ағзаға түскенде адам иіс сезу мүм­­­кіндігінен айырылады. Тамақ атаулы дәмсіз көрінеді. Сырқат­­­тардың бірі мойындағандай, «базбір сабын жеп отырған сияқтысың». Мұндай проб­­лемалар бүкіл COVID-19 нау­­­қас­­тарына тән. Содан адамның тәбеті құриды, ас ішуге зауқы соқпайды. Соның салдарынан қатты азады, организм қажетті дәрумендерден қағылады.

Жақында ғалымдар бұл құбы­­лыс­тың ықтимал себебін айқындады: вирус миға ену және жүйке жүйесіне таралу үшін мұрынның шырышты қабығындағы иіс сезу рецепторларын «қақпа» есебінде пайдаланады: осы рецепторлар мұрынға келген иісті тікелей миға жеткізуге жауап беретіні мәлім. Енді сонымен бірге вирус та миға жол тартады.

Ал британдық ғалымдар COVID-19 науқастардың бір бөлігі сөйлемнің, сөздің мағынасын түсі­­нуге қиналатынын анықтады. Оның үстіне, КВИ ми тамырларының жұ­мысын бұзады, оның жұмысында салмақты ақаулар туындайды, ол алжасуға және делирияға әкелуі ық­тимал.

Сырқаттар саңырау болып қалады

«Ұлттық кардиохирургия ғылы­ми орталығы» АҚ басқарма төра­ғасының міндетін атқарушы, меди­цина ғылымдарының докторы Ма­­хаббат Бекбосынованың түсін­діруінше, індет салдарларынан туындайтын кесел-құбылыстарды «постковидтік синдром» деп атайды. Аталған орталықта осындай син­дромы бар 70 адам емделуде. ДСМ-де бүкіл Қазақстанға қатысты ста­тистика жоқ.

– Бұл – қазіргі кезде аса өзекті мәселе. Өйткені Қазақстанда күн өткен сайын коронавирус жұқтыр­­­­­­­­ғандар саны қайта өсуде. Жазылып шыққандары бізге әртүрлі шағым айтып жүгінеді. Тәжірибемнен бір мысал келтірейін. Таяуда қабыл­­дауымызға жас әйел кірді, ол өзін не алаңдататынын түсіндіре алмай­­тынын хабарлады: «Мен КВИ-мен ауырдым, содан бері бұрынғы қа­лыпты, сапалы өмір салтына орала алар емеспін», – деді ол. Пациент­­­­тердің біразы өз ахуалын түсіндіре алмайды, демалса да кетпейтін бей­мәлім шаршау, өмірге енжарлық пай­да болған. Олар бұрынғыдай физикалық, ақыл-ой жүктемесін еркін еңсере алмайды. Коман­­да­­­мызда психотерапевт бар, ол осын­дай сырқаттармен жұмыс істеп, проб­­­­лемаларын анықтайды, – дейді Махаббат Сансызбайқызы.

COVID-19 бастапқыда өкпе ауруы ретінде қабылданды. Шы­­нында бәрі басқаша. ҰКҒО басшы­сының мәліметінше, бүгінде КВИ – бүкіл организмді бүлдіретін көп жүйе­лі ауру (мультисистемное забо­левание) ретінде танылды. Ол жүйке жүйесіне де зақым келтіреді.

«Бізге келген сырқаттар орталық жүйке жүйесіне, есте сақтау қабі­летінің төмендегеніне, басы ауыра­тынына, тіпті есту қабілетінің на­­шар­­­лағанына өте көп шағым­данады. Бірер күн бұрын өзім қабылдаған науқас КВИ-ге шалдыққанын, дерт­тің өткір фазасы артта қалғанына 3 ай өткенде кенет құлағы естімей қал­­­­ғанын жеткізді. Қазір бақы­лауымызда 4 пациент бар, оларда тосыннан қант диабеті пайда болған. Өйткені вирус адамның өт жол­дарына соққы жасайды. Жүрек-қан тамыр аурулары барлар коронавирус жұқтырса, артериалды гипертониясы қатерлі сипат алады, бұған дейін қабылдап келген дәрілік терапия ары қарай нәтиже бермейді. Қор­қы­ныш­тысы сол, кейде корона­ви­рус­пен ауыр­­­ған адамның бойынан «пост­ковидтік синдромның» барлық кө­­­рінісі табылады: жүйке жүйесі де, жүрегі де, бүйрегі де, бауыры да за­қым­­­­­данған», – дейді ол.

Бұл синдромды қалай емдейді?

Қазақстандық дәрігерлер пост­ковидтік синдромды емдеуде бір тәсілді ұстанады екен. Біріншіден, науқасқа симптоматикалық терапия қолданылады, яғни әрбір органына зақым келтірген әртүрлі кеселін жеке-жеке емдейді. Екіншіден, бар­лық сырқаттарға витаминдер кеше­­нін (әсіресе В, С), магний, мырыш және басқа да микро­элементтер сатып алып, ішуге кеңес береді. Далада суық түскелі тұмау, ЖРВИ тарау қаупі күшейді. Дәрумендер осындай вирустарға қарсы тиімді қорғаныш саналады. Әрі иммунитет көтереді.

Үшіншіден, саламатты өмір сал­­тын ұстану маңызды. Мысалы, то­­лық­қанды ұйықтау, уақытылы тынығу, дұрыс тамақтану керек.

– Жеңіл қорытылатын сіңімді тамақ ішу қажет. Пациенттер менен жиі сұрайды, өткенде «корона­­­ви­­­­рустан қойдың құйрық майы құт­­­қарады екен» деген қауесет тарады ғой деп. Қой майынан жасалған ыстық сорпаны аптасына бір рет ішуге бо­лады. Алайда біздің адамдар оны таңғы, түскі және кешкі асқа ішеді. Мұндай адамдар артынан бізге триг­лицеридтерімен, яғни қанында қал­қыған майлармен келеді. Бұлай асы­­­­­ра сілтеуге болмайды. Егер адам тыныстау гимнастикасымен, спорт­­пен айналысса, саламатты өмір сал­тын ұстанса, өкпе тез сауығады. Жар­­ты жылдан кейін адамның ауыр­­ғанынан із де қалмайды. Ал құйрық майы, зімбір, сарымсақ және басқа­сын мөлшерімен, аздап қана жеу керек. Олар үлкен мөлшерде ағзаға ауырт­­­палық түсіреді, – деді меди­цина ғылымдарының докторы Махаббат Бекбосынова.

Ол иіс және дәм сезу қабілетінен айырылған азаматтарға профи­­­лак­тикалық клиникаларда тексеру­ден өтіп, иммундық жүйені түзетуді ұсынды. Бірақ коронавирустың бұл көрінісін емдейтін ортақ дәрі жоқ көрінеді. Зерттеулер аяқталмаған.

Невролог-эпилептолог дәрігер, реа­билитолог, Медициналық оңал­туды реформалау жобалық офисінің басшысы Лейла Дайырбаева КВИ-дің түрлі неврологиялық бұзылуға әкеліп соқтыратынын растады.

– Бүгінде дүниежүзінде COVID-19 індетінің неврологиялық сал­­­­­­дарына арналған көптеген зерттеу жүр­гізілуде. Неврологиялық көрініс­­­тер коронавирус сырқат­­тарының үштен бірінен табылып отыр. Бұл қатарға үнемі бас айналу, бас ауыру, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, он пайызында – сананың күңгірттенуі, алжасу және басқасы жатады. Маған қаралатын сырқаттар өз ахуалын: «басымды, миымды тұман басып тұрған сияқты» деп сипаттайды. Ойларын жеткізе алмай қиналады. КВИ инсультке, энцефалитке – ми­дың қабынуына соқтырады. Бұдан бөлек, адамдардың есту, дәм сезу және көру қабілеті нашарлайды. Ұй­қысыздыққа ұшырайды. Осындай симптомдары бар адамдар өзін маза­лаған дертке қарай бейінді дәрігер­­лерге көрінгені жөн. Көп күш түсір­­­мей, тынығуы, дұрыс тамақтануы қажет. Кем дегенде 8 сағат ұйықтауға тырысуы керек, – деді Лейла Орал­­ғазықызы.

Сарапшы тағы бір жайтқа назар аударды: елде жылыту маусымы басталды. Ауылдағы ағайын пеш жағып жатыр. Осы кезеңде иіс сезу қабілетінен айырылған адамдар өзі­нің және отбасы мүшелерінің өмірін сақтау, баспанасын қауіпсіз ету үшін түтін мен көміртек қышқылына (угарный газ) қарсы датчиктер ор­натқаны абзал.

Сарапшылардың байламынша, Қазақстан коронавирусқа қарсы майданның келесі кезеңіне аяқ бас­ты. Бірақ мемлекет осы «соғыс» сал­­­ған жараларды және оның «санадағы ізін» қазірден бастап емдеуге, елді сауықтыруға белсене кіріскені жөн.

P.S.

Мамандардың әңгімесінен ұқ­қанымыз: «постковидтік син­­­­дром­­­ды» емдеу бағдарламасы жоқ, білікті дә­рігерлер өзара тәжірибе алмасу, жеке жобаларын қолға алу арқылы онымен өз бетінше күресуге тырысуда. Ден­­саулық сақтау министрлігі COVID-19 және пневмониямен ауырған па­­циенттерге медициналық сақтан­дыру (АМСҚ) есебінен оңалту қыз­меттерін көрсетпек ниетте. Медоңалту ереже­­сіне тиісті толықтырулар енгі­­зілді. Әйтсе де, қарапайым сырқат оны алу үшін «бюрократиялық тұ­зақтар» те­­­зінен сүрінбей өтуі шарт. Мысалы, «мультидисциплинарлы топ­­­­тың баға­­­­лауынан өтуі тиіс». Онсыз да санасы күңгірттеніп тұрған жанды осындай сынаққа салу – тек біздің ше­неу­нік­­­тердің қолынан келеді.

АйханАйхан ШӘРІП

 

 
Тегтер: Covid-19індетКВИкоронавирусқұс ұйқыневрологиялық кеселсиндром
Алдыңғы жаңалық

Бүгін Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиынына қатысады

Келесі жаңалық

Допинг сынақ: Бауыржан Исламханнан тыйым салынған препарат табылды

Ұқсас жаңалықтар

Pfizer
Жаңалықтар

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 2021
Ұлттар кубогі
Жаңалықтар

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 2021
бассейн
Жаңалықтар

Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды

Қаңтар 16, 2021
банк
Жаңалықтар

Петропавл тұрғыны «банк қызметкерімін» деп қоңырау шалған әйелге сеніп, миллион теңгесін аударып жіберді

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 17:07

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 16:41

Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды

Қаңтар 16, 15:59

Петропавл тұрғыны «банк қызметкерімін» деп қоңырау шалған әйелге сеніп, миллион теңгесін аударып жіберді

Қаңтар 16, 15:15

Карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 16, 14:46

QI-Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

Қаңтар 16, 14:25

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 16, 13:42
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Pfizer

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 2021
Ұлттар кубогі

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»