Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Өзен-көлдер суалып барады

«Айқын» ақпарат
Қараша 10, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
өзен
34
қаралым

Аралға алаңдап жүргенімізде Сырдария мен аймақтағы басқа да ірілі-ұсақты өзен-көлдердің тура сол кепке түсуіне аз-ақ қалған. Жыл өткен сайын арнасы тарылып, аңқасы кепкен көлдер мен өзендердің жағдайы дабыл қағатындай жағдайда. Экологтер оларды сақтап қалу үшін жыл сайын 90 мың гектар күріш егуді тоқтату керегін айтады. Әйтпесе, бұл – өңірдегі барлық су атаулының тартылуына апарып соғатын көрінеді. Бірақ бұл мүмкін бе? Күрішпен аты шыққан ырысты өлке тарихында мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған. Онымен қоса, Қызылорда – елді күрішпен қамтамасыз етіп отырған жалғыз өңір. Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының кебі…

Қамыстыбастың қайғысы

Арал ауданына қарасты 2 000-нан аса тұрғыны бар Қамыстыбас деген ауыл бар. Сол ауылдың жанындағы Қамбаш көлі талай жылдан бері жергілікті халықтың басты күнкөріс көзі саналады. Ауыл тұрғындары балық аулап, отбасын асырайды, кейбірі аулағанын сатып бір тиынын екі етіп отыр.  Онымен қоса, көл осы­дан 10 жыл бұрын туристік ай­мақ ретінде ашылған. Бірақ сол көлдің жағдайы қазір көңіл көн­шітпейді. Жергілікті тұрғындар да көл тағдырына қатты алаңдап отыр: 2 жылдан бері көлдің деңгейі тоқ­таусыз төмендеп, жағалау 300 мет­рге дейін алшақтап кеткен. Көл тар­тылар болса, кәсіпсіз қалатын ауыл халқы мұндай жағдайда үдере кө­шіп кететіндерін айтады. Себебі төрт түліктің де тіршілік көзі – осы көл. Қамыстыбас тұрғыны Темір­лан Сматов та Қамбаш көлінің сарқы­лып, шағын апат болып отырға­нын айтады.

– Көлдің жағдайы нашар. Көлге ша­ғын өзендерден құйылатын су да сарқылды. Былтыр қатты білін­беген еді. Биыл көл жағасының кем дегенде 400 метрге тартылғанын аң­ғар­дық. Тереңдігі шамамен 2 ме­трге түскен. Онымен қоса, көлден жа­ғым­сыз иіс шығады. Карантин бол­ған соң саяхаттап келіп жатқан адам жоқ. Негізі, ауыл адамдарының күн­көрісі осы көлге қарап отыр. Көл тар­тыла берсе, әрі қарай не болары бел­гісіз, – дейді ол.

1850 отбасы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

Көлсайдан балық аулауға рұқсат беріле ме?

Аралдық 120 отбасы тұрғын үймен қамтылады

Күріштің көптігі – судың жоқтығы

Аралдың қазіргі мүшкіл халі – суды көп қажет ететін өнді­ріс орын­дарын шөлейт аудандар­ға салудан туындаған, яғни стратегия­лық қателіктердің салдарынан пайда болған экологиялық жағдай екені белгілі. Оған көрші өзбек ағайынмен ортақ несібенің дұрыс бөлінбеуін тағы қосыңыз. Бұл мәселе өз алдына бөлек бір тақырыпқа арқау бола алады. Биыл Түркістан облысында болған алапат су тасқынының да себе­бі осы екені елдің есінде. Арғы жақ­тан келетін судың мөлшері де жыл өткен сайын азайып бара жат­қан сыңайлы. Одан ары күріш егіс­тігіне қарай тоқсан тарауға бөліне­тін судың берекесі қашуы – тағы заң­дылық.

Тарихи деректерде Арал теңізі осы­ған дейін тоғыз мәрте тартылған де­седі. Әлі де біраз зерттеуді қажет ете­тін болжамның жаны да бар сияқ­ты. Сонымен қатар Арал теңізі­нің атауы ескі құжаттар мен дерек­терде өте көп кездеседі. Белгілі орыс ғалымы Владимир Бартольд Арал­дың көне замандарда бұдан да арнасы кең де ауқымы үлкен бол­ғанын жазған. Осы тектес деректерді грек авторларынан да кездестіре ала­сыз. 1627 жылы Ресейде жарық көр­ген жазбада Арал Көктеңіз де­ген атаумен кездеседі, тіпті сипат­тама да айтылған. Ал ХVІІІ ғасыр­дың аяғында орыс географы Семен Ремизов «Сібірдің сызба кітабы» атты еңбегінде Арал теңізіне Әмудария мен Сырдарияның құятынын айта­ды. Сол себепті де теңіздің суы мол екенін алға тартқан. Ал Арал теңіз­ін нақты әрі тиянақты зерттеу 1873 жылдары басталған. 1874 жи­һанкез орыс ғалымы Николай Север­цов Арал-Каспий және Әму­дария өзендеріне экспедиция жа­сап, маңызды әрі ақпараты мол дерек­тер жазған. Сол мәліметке қара­ғанда, дәл осы уақытта Арал теңізінде құрғау процесі байқалған. Зерттеуші теңіз маңына бір емес, бірнеше мәрте келген. Нақтырақ айт­қанда, 17 жылдың ішінде теңіз­дің жағдайын салыстырмалы түр­де зерттеген. Нәтижесінде, сол жыл­дар аралығында алғашқы көрген тү­бек­тер мен аралдар құрлыққа, шығанақтар ұсақ көлдерге айнал­ға­нын айтады. Осылайша, Н.Северцов Орталық Азия мен Арал теңізінің құрғау теориясын ұсынған. Ал 1880 жылдары теңіздің қайта толысқаны байқалған.

Бірақ қазіргі Аралдың жағдайына қарасақ, арнасы қайта толысып, кепкен судың кемерін қайта толқын ұрары неғайбіл. Аралға қайта су келіп жатыр деп сүйіншілеп еді жұрт. Тартылған өзен арнасын қолдан толтыру, әрине мүмкін емес. Қысқасы, Аралдың оңалуынан жұрт үміт үзгелі қашан?

– Мұнда баланс болмай тұрғаны анық. Белгілі мөлшер бекітілуі керек, мәселен мұнша суды күрішке, мұнша суды жайылымға жібереміз деген секілді. Жыл сайын 90 мың гектар күріш егіледі. Бұл жақсы шығар, бірақ өзен-көлдер тартыла береді. Күріш егуді сәл азайту қажет. Бірақ бұл мүмкін бола қоймайды-ау. Бір жағын ғана ойламай, экологиялық проблемаларға көңіл бөлетін кез келді. Өзбекстан жағы да суды қысып отыр. Ол айтпаса да белгілі. Сонымен, өзен-көлдерге кедергі болып отырған екі фактор – мол күріш егу мен Өзбекстаннан судың дұрыс келмеуі. Екеуін шешпейінше ештеңе өзгермейді, – дейді Аралдағы Су ресурстарын қорғау мекемесінің өкілі Жұмахан Нұрсейітов.

Бір сөзбен айтқанда, Аралдың алаңы өзге өзен-көлдерге әсер етіп жатыр. Бұл мәселені катастрофаға балауға толық хақымыз бар.  Мұндай жағдай осы өңірге ғана емес, еліміздің барлық аймағына тән. Көрші елдердің су дегенде кесірі көп. Ресей суға сараңдық танытып Жайықты, Қытай Ертісті, ал өзбек тарапы Сырдарияны бөгеп әлек.

мадиярМадияр ТӨЛЕУ

 
Тегтер: АралкөлөзенСырдарияэколог
Алдыңғы жаңалық

Пневмониядан бір адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

Таулы Қарабақ үшін талас-тартыс аяқталды

Ұқсас жаңалықтар

Nur Otan, Бауыржан Байбек, бағдарлама
Жаңалықтар

Nur Otan партиясы өңірлерді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті

Қаңтар 28, 2021
Қуат Хамитов, сот, Алматы, шетел
Жаңалықтар

Қуат Хамитов сотта тоқетер сөзін айтты

Қаңтар 28, 2021
Алматы, Жандарбек Бекшин, қаулы, сауда орталықтары
Жаңалықтар

Демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді – Бекшин

Қаңтар 28, 2021
коронавирус, пандемия, ауру, науқас, қызыл аймақ
Жаңалықтар

COVID-19: Қазақстанда 2 қала мен 6 облыс бүгін де «қызыл» аймақтан шыға алмады  

Қаңтар 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Nur Otan партиясы өңірлерді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті

Қаңтар 28, 11:39

Қуат Хамитов сотта тоқетер сөзін айтты

Қаңтар 28, 11:27

Демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді – Бекшин

Қаңтар 28, 10:48

COVID-19: Қазақстанда 2 қала мен 6 облыс бүгін де «қызыл» аймақтан шыға алмады  

Қаңтар 28, 10:33

Мойнының жартысын операциямен алып тастады

Қаңтар 28, 10:14

«Айына 45 мың теңге өткізбесең…» – лауазымы жоғары полицейдің ақша талап еткені әшкере болды

Қаңтар 28, 10:03

Зейнетақы жинағы жоқ азаматтар да қордан қаржы алуға өтініш жіберген

Қаңтар 28, 09:19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Nur Otan, Бауыржан Байбек, бағдарлама

Nur Otan партиясы өңірлерді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті

Қаңтар 28, 2021
Қуат Хамитов, сот, Алматы, шетел

Қуат Хамитов сотта тоқетер сөзін айтты

Қаңтар 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»