Қазақстандықтар қозғалтқыш көлеміне сәйкес қандай көлікті таңдайды?
Қазақстандықтар қозғалтқыш көлеміне сәйкес қандай көлікті таңдайды?

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары Қазақстанда көліктердің қай аймақта көп тіркелгенін және қазақстандықтар үшін қозғалтқыштың қандай көлемі маңызды екенін анықтады.

Қазақстанда тіркелген көлік саны қанша?

Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2019 жылдың тамыз айындағы көрсеткіште Қазақстанда 3 698 309 көлік тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5,5% кем. Ең көп автомашина саны Алматы облысында – 489 294. Санына қарай екінші орында Алматы қаласы тұр (466 886). Үздіктер үштігінің соңында Шығыс Қазақстан облысы. Онда 296 080 автомашина тіркелген.

Қызықты дәйек: Қазақстандағы автомашиналардың шығарылған мерзімі, көбінесе 10 жылдан асты. Бұл барлық көліктің 64,8 пайызын құрайды. 3 жыл мен 7 жыл аралығында шыққан машиналар саны бар болғаны 15,7 пайыз. Ал 3 жылдан аспайтын машиналар саны – 10,4 пайызды құрап отыр.


Қозғалтқыш көлеміне сәйкес аймақтар рейтингі

Қозғалтқыштар көлемі литрде немесе текше сантиметрде өлшенеді. Freedom Finance Insurance зерттеулері нәтижесінде, қазақстандық автокөлік иелерінің басым бөлігі қозғалтқыш көлемі 1 500-2 000 текше см. құрайтын машиналарын таңдайды. Қазақстанда бұндай қозғалтқыш көлемі бар автомашиналар саны – 1 711 633. Бұл тіркелген барлық машиналар санының шамамен жартысын құрайды (46,3%).

Аталған қозғалтқыш көлемі бар автомашиналардың көбі Ақмола облысында (217 459 көлік), Ақтөбе облысында (173 652) және Атырау облысында (141 520) тіркелген.

Танымалдылығы бойынша екінші орында 1100-1500 қозғалтқыш көлемі бар көліктерді айта аламыз. Елімізде олардың саны – 667 951 дана (18,1%).

 

Қалған мәліметті төмендегі кестеден анықтай аласыздар.


Таблица - каз.png