Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Мақтаның 90 пайызы жиналды

«Айқын» ақпарат
Қараша 10, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
мақта
39
қаралым

Түркістан  облысында мақта еккен диқандар өнімнің 90 пайызын жауын-шашынға ұрындырмай жинап үлгерді. Атап айтсақ, бүгінде 300 мың тоннаға жуық ақ алтын шитті мақта қабылдайтын бекеттерге тапсырылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың аймақтағы мақта терімінің барысымен танысу мақсатындағы іссапары кезінде белгілі болды.

Айта кету керек, биыл 125,8 мың га алқапқа мақта да­қылы егілді. Қазіргі таңда терім науқанының 90 пайызы орын­далып, 298,7 мың тонна шитті мақта жиналды. Түсімділігі гек­тарына  24,3 центнер болып отыр. Жалпы, жиналған ақ алтын­ның тең жартысынан астамы 500-ге жуық комбайнның жұмыл­дырылуымен терілген.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев Түркістанның ірге­сіндегі Кентау қаласына қа­расты Қарашық елді мекенінде ор­наласқан  «Тұран» ШҚ-на бар­ды. Аталған кооперативте бүгінде тамшылатып суару технологиясы қолданылған мақтаның егіс алқа­бында мақта және мақта талшығы өнімдері өндіріледі. Облыс әкімі­нің орынбасары іссапар ба­рысында отбасылық ферманың жай-күйімен танысты.

– Егіс көлеміне әртарап­тандыру жұмыстары жүргізіліп,  өткен жыл­мен салыстырғанда шитті мақ­та бағасының ұлғайғаны бай­қалады. Нәтижесінде, өнімнің тон­насына орташа бағасы 160-165 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өз кезегінде мақта өсі­ру­мен айналысатын 15,0 мың агроқұрылымда жұмыспен қамтылған 125 мың адамның әлеуметтік-экономикалық жағ­дайының жақсаруына оң ық­палын тигізуде, – деді Ұлан Тә­жібаев.

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Өңірде мақта өнімділігінен Ордабасы және Мақтаарал  аудандары көш бастап тұр.  Шитті мақтаны қабылдаумен 18 мақта өңдеу зауыттарының 166 қабылдау бекеттері айналысуда. Мақта шаруашылығын мем­ле­кеттік қолдау үшін көктемгі және күзгі дала жұмыстарына нарықтағы бағадан литріне 16-18 теңгеден арзан бағамен 76,2 мың тонна жанар-жағармай берілді.

Сонымен қатар 30 мың агро­құрылымға минералды тыңайт­қыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын биоагенттердің 50 пайыз шығындары субсидия­ланып, мемлекеттік қолдау көрсе­тілді.

Бұдан бөлек, құны 6,0 млрд тең­ге болатын  891 бірлік ауыл шаруа­шылығы техникалары са­тып алынып, 1,2 млрд теңге ин­вестициялық субсидия төленді.

Тельман БЕЙСЕН,
Түркістан облысы

 
Тегтер: 90 пайыздиқанмақтаТүркістанҰлан Тәжібаев
Алдыңғы жаңалық

Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

Nur Otan: Конференцияда тұрғындардың мәселесін талқылады

Ұқсас жаңалықтар

Дубай, Алматы, коронавирус, ПТР, анықтама
Жаңалықтар

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 20, 2021
Қалтасы қалың легионерлер «Қайратта» көп
Спорт

Қалтасы қалың легионерлер «Қайратта» көп

Қаңтар 20, 2021
Жамбыл, жемқорлық, сыбайлас жемқорлық
Жаңалықтар

Жамбылда жемқорлар азайып келеді

Қаңтар 20, 2021
коронавирус, адам өлімі, Қазақстан
Жаңалықтар

Бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

Қаңтар 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 20, 12:46

Қалтасы қалың легионерлер «Қайратта» көп

Қаңтар 20, 12:30

Жамбылда жемқорлар азайып келеді

Қаңтар 20, 12:24

Бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

Қаңтар 20, 12:09

Bek Air соты ұзаққа созылмақ

Қаңтар 20, 12:00

80 миллион теңгенің қарызы кешірілді

Қаңтар 20, 11:56

Алматыда ауа сапасы нашарлай түсті

Қаңтар 20, 11:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Дубай, Алматы, коронавирус, ПТР, анықтама

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 20, 2021
Қалтасы қалың легионерлер «Қайратта» көп

Қалтасы қалың легионерлер «Қайратта» көп

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»