Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

Мадияр мен Садриддин желтоқсанда жұдырықтасады

«Айқын» ақпарат
Қараша 10, 2020
Спорт, Жаңалықтар, Қазақстан
Мадияр
52
қаралым

Қазақстандық қос кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов пен Мадияр Әшкеев жылдың соңына дейін шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегіне шығады. Кездесудің бірі Монреал қаласында, бірі Лос-Анджелесте өтпекші.

Кәсіпқой рингте жеңіліп көр­меген боксшы, бірінші орта салмақтағы WBC Youth әлем чемпионы Садриддин (11-0, 10 КО) жақында рингке қай­та оралатынын айтып, жан­күйерлерін қуантты. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазып, жат­тығу кезіндегі видеоcымен бө­лісті.

«Желтоқсан айындағы жекпе-жек­ке дайындалып жатырмыз, жат­тығу қарқынды әрі сәтті өту­де», – деді жойқын жұдырық иесі.

Негізі, қыркүйек айында бо­кс­шы әлеуметтік желідегі парақ­шасында жазба қалдырып, онда қазан айында кездесу өткізуі мүм­кін екенін айтқан. Алайда ка­рантинге байланысты кездесу өт­педі. Ахмедов бұған дейін шар­шы алаңға өткен жылдың 7 желтоқсанында шыққан. Ка­на­дада өткен жекпе-жекте ар­гентиналық Хосе Антонио Вилья­лобосты нокаутпен жеңді біздің боксшы. Күні кеше ол «Айқын» газетіне желтоқсанда өтуі тиіс жекпе-жегі жайында қысқаша пікір білдірді.

Садриддин Ахмедов титулдық жекпе-жек өткізеді

Садриддин Ахмедов WBA белбеуін сарапқа салады

Тайсонның таңдауы кімге түседі?

– Қарсылас та, кездесудің өтетін күні де әлі толық нақты­ланған жоқ. Желтоқсан айына таман жоспарлы кездесуімізді ұйым­дастыруға бар күшімізді сала­мыз. Қазіргі кезде көп уа­қытым жаттығу залында өтіп жатыр. Нәтижесін шаршы алаң­да көресіздер деп ойлаймын. Жеңіс­ке жетуге, сіздерді қуантуға асық­пын, – деді Soldier of Qazaq ла­қап атымен танымал талантты бо­ксшы.

Кәсіпқой бокста атой салып жүрген тағы бір отандасымыз Мадияр Әшкеев те (14-0, 7КО) бізбен сұхбат барысында келесі жекпе-жегін қай күні өткізетінін айтты. Ол  рингке 17 желтоқсанда шығатынын қоса хабарлады. Мұхиттың арғы бетінде жаттығып жүрген Мадиярдан алдағы кез­де­суге дайындығы туралы да сұ­радық.

– Менеджерім Эгис Климас­пен әңгіме барысында мен одан жақсы қарсыласпен жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұрадым. Өйт­кені уақыт өтіп бара жатыр, қа­зір бар күш-жігерді салып на­ғыз қимылдап қалатын шағым. Бұ­йырса, 17 желтоқсан күні Лас-Вегас қаласында келесі ай­қасым өтеді деп жоспарлап отыр­мыз. Қарсыласымның аты-жөнін келісімшартқа қол қой­ған соң жария етеміз. Ол ме­нің салмағымның рейтингінде үз­діктердің қатарына кіретін бокс­шы болмақ. Яғни, мені үл­кен сынақ күтіп тұр. Қазір қа­зақстандық бапкермен физио­логиялық жаттығуларды онлайн түрде өткізіп жатырмын. Залда бокс бапкерім де бар. Дайындығым жақсы. Жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға тырысамын! – деп уә­десін берді боксшы.

Спорт мамандары қос бокс­шы да жеңісті серияларын жалғас­тыратынына сенімді. Алайда жекпе-жек күні жақындағанда, қарсыластардың есімі жария­ланғанда болжам жасайтын са­рап­шылар да, букмекерлік кең­селер де көбейе түсері анық. Сол кезде қарсыластардың мық­ты, әлсіз тұстары талданады. PR-менеджер, спорт журналисі Cерік Ноян Садриддиннің өзге бокс­шылардан артықшылығын, ал­дағы кездесудегі жеңіске жетуге де­ген мүмкіндігін айтып берді.

– Садриддин Ахмедов – та­лант­ты боксшы. Рекорды қан­ша жақсы көрінгенмен, әзір­ге кәсіпқой рингте мықты қарсы­ластармен кездесті деп айта алмаймын. Оның рингте жасай­тын шоулары керемет. Келешекте Рой Джонс секілді үздік бокс­шыға айналса деген тілегім бар. Оның бұған толық қабілеті же­теді. Бірінші орта салмақтан өзге салмақтарға ауысуға да мүм­кіндігі жоғары.  Шаршы алаң­да өте жылдам қимылдайды, ком­бинациялық шабуылға да сәтті шығады. Сериялы соқ­қылары да қарсыласқа көбіне дөп тиеді. Бірақ чемпиондық атақ­қа қол жеткізуге оған  әлі ерте се­кілді. Болашақта мен оны Аме­рикадан көргім келеді. Жас әрі жылдам боксшы. Екі-үш жылдан кейін нағыз чемпиондық айқастарға шығатын шығар. Бол­жамым бойынша, ол кейін қазақ боксшылары арасында чем­пиондық атаққа қол жеткізген ең жас боксшы болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, Садриддиннің бокстағы болашағынан зор үміт күтемін, – дейді спорт шолу­шысы.

Ол сонымен қатар Ма­дияр Әшкеевтің де бабын жоғалт­пағанын, желтоқсандағы жекпе-жекті сәтті өткізіп, келер жылы есім-сойы көпшілікке таныс бокс­шылармен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

– Мадияр кәсіпқой бокстағы қазіргі қазақ боксшыларының алдыңғы шебінде жүрген тә­жірибелі боксшылардың бірі. Astana Arlans сапында да біршама жекпе-жек өткізді. Өкініштісі, жасы біразға келіп қалды. Жеке шеберлігіне келер болсақ, сал­қынқанды, соққылары діт­теген жеріне дөп тиетін қырағы бокс­шы. 32-де болса да, шаршы алаң­да ширақ қимылдайды. Го­ловкин секілді 36 жасында да ринг­те атой саларына сенемін. Менеджері әйгілі Эгис Климас оны үздіктермен кезіктірер күн жақын. Сондықтан Мадияр ке­лер жылдан бастап титулдық ай­­қастарға шығып қалатын шы­ғар, – деген Серік боксшыға баға бе­ріп қана қоймай, оның алдағы маңызды кездесулеріне де болжам жасады.

Сәтін салса, мұхиттың арғы жағында еліміздің атын шы­ғарып жүрген отандық бокс­шылар Садриддин мен Мадияр жыл соңына таман тағы бір үл­кен сынақтан өтеді. Екеуі де қарсыластарын сенімді түр­де жеңіп, жылды сәтті қорытын­дылауға, көрермендерін қуан­туға ниет танытып отыр. Боксшылар­дың байрақты бәсеке қарсаңында бабы мен бағы қатар шапсын дей­міз.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ

 
Тегтер: кәсіпқой боксЛос-АнджелесМадиярМадияр ӘшкеевМонреал қаласыСадриддинСадриддин Ахмедов
Алдыңғы жаңалық

Полицей көлік жүргізушісін өрттен құтқарды

Келесі жаңалық

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Ұқсас жаңалықтар

47
Жаңалықтар

Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Қаңтар 20, 2021
7 облыс
Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 19, 2021
Қайрат
Жаңалықтар

«Қайрат» футбол клубына Бундеслига шабуылшысы қосылды

Қаңтар 19, 2021
Корнавирус
Жаңалықтар

Корнавирусқа қарсы вакцина алдымен медецина қызметкерлеріне салынады

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Қаңтар 20, 00:00

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 19, 23:43

«Қайрат» футбол клубына Бундеслига шабуылшысы қосылды

Қаңтар 19, 23:27

Корнавирусқа қарсы вакцина алдымен медецина қызметкерлеріне салынады

Қаңтар 19, 23:09

Семей қаласында таныстарының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ сотталды

Қаңтар 19, 22:37

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Олимпиада чемпионына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қаңтар 19, 22:11

Нұр-Сұлтанда ҰБТ-ға дайындық басталды

Қаңтар 19, 21:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

47

Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Қаңтар 20, 2021
7 облыс

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»