Түркістандықтар үшін қалада A.Q. ORDA зияткерлік мектебі ашылды.
Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Онда 1-6-сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ағылшын тілі де тереңдетіліп оқытылады. Мектепте пәндер тереңдетіп оқытылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауаттылық сынды түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Тіпті, домбыра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген. Оқу ордасында өз саласының білікті ұстаздары сабақ береді. Мектептің тағы бір ерекшелігі, кәсіби, тәжірибелі мамандарды жан-жақтан тартып, білім сапасына мән беруінде. Арасында шет елдерде білім алғандар да бар. Мектептің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандықтарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, педагогтердің еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.Тельман БЕЙСЕН