Каипова – вице чемпион
Каипова – вице чемпион
97
оқылды

Қазақстандық Аиша Каипова бодибилдингтен әлемнің вице-чемпионы атанды. Чемпионат Испанияда өтті. Қазақстандық спортшы қыз төрешілерді ғана емес, көрермендерді де өз өнерімен тәнті етті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Аиша Каипова бодибилдингтен Азия чемпионы атанды.

Ол Алматыда дүниеге келген. Болашақта қаржыгер болсам деген арманы бар. «Пандемия кезінде спорт және тағы басқа көптеген салаға қиын болды. Біздің федерацияға барлық мүмкіндікті жасап, спортшы үшін жағдай тудырғаны үшін, мереке ұйымдастырғаны үшін рақмет айтамын. Бұл маусымға дайындық мәңгі есімізде қалады», – дейді спортшы қыз.

Назгүл ЕРЖАН