Жамаубаев қазынадан бөлінген қаражатты игере алмағандар туралы айтты
Жамаубаев қазынадан бөлінген қаражатты игере алмағандар туралы айтты
138
оқылды

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ға, республикалық бюджеттің шығысы – 99,7%-ға, жергілікті бюджеттердің шығысы – 98%-ға атқарылды. Республикалық бюджеттің шығысы 11 трлн 284 млрд теңге болды. 32 млрд теңге бойынша жұмыс атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 8 млрд теңге болса, игерілмегені – 24 млрд теңге», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, ірі сомадағы қаражатты: Қаржы министрлігі – 2 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі – 1,9 млрд теңге, Әділет министрлігі – 1,6 млрд теңге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – 1,2 млрд теңге, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 1,1 млрд теңгені игере алмаған. Негізгі себеп –конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарының жүргізілуі, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді кешіктіру. Сондай-ақ Жамаубаев өңірлерде де тағы 24 млрд теңге игерілмей жатқанын айтты.

Қаражатты игермегендер: Ақтөбе облысы – 3,2 млрд теңге, Алматы қаласы – 3 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан – 2,5 млрд теңге, Батыс Қазақстан – 2,3 млрд теңге, Түркістан облыстарында – 1,9 млрд теңге.

Ол жыл соңына дейін бөлінген қаржыны игеру керегін айтты.