Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қаламгерлер арасындағы «суайтты» анықтады

Тараз қалалық Jambyl-Taraz газетінің Директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғалидың бастамасымен сатира саңлағы, шоқ тілді Шона Смаханұлының туған күніне орай ұйымдастырылған «Қырық өтірік» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетіп, қаламгерлер арасындағы суайтты анықтады.

"Айқын" ақпарат
Қараша 10, 2020
Жаңалықтар, Мәдениет
Тараз, Шона Смақанұлы, байқау, жеңімпаз
273
қаралым

Бес ай бұрын бастау алған байқауға бас-аяғы 20-дан аса шығарма ұсынылған. Ал додаға Жамбыл облысының ғана емес Алматы мен Түркістан өңірлерінің шымбайдан шымшып, тікенек тұспалдап жеткізетін қаламгерлері қатысып, бағын сынады.

Ал үміткерлердің жұмысын ардагер журналист Болат Жаппарұлы, Жазушылар одағының мүшесі, сатирик-ақын Бақытжан Советұлы, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің директоры Оралхан Дәуіт, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры Хамит Есаман сынды  қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысында шашасына шаң жұқпаған жас жүйрік М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 4-курс студенті Шапағат Әбдір бас жүлдені қанжығаласа,  бірінші орын  ардагер журналист Асқарбек Сейілханға бұйырды.  Жүлделі екінші орынды   Түркістан облысы  Сайрам ауданы  «Исфиджаб» ЖШС-на қарасты «Пульс Сайрама» газетінің тілшісі Салтанат Абылбекова мен Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас өзара бөлісті.

Қаламгерлер арасындағы «суайтты» анықтады

Сапарбаев «Тараз» футбол клубына сырттан легионер тасымауды тапсырды

Сайлаудағы заңбұзушылықтардың басым бөлігі техникалық сипатта болды – Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы

«ПТР сынамасына қол қойылмаған бақылаушы сайлау учаскесіне жіберілмеді» – Ерқанат Көпжасар

Үздік үштіктен Жамбыл облыстық ARAI жастар газетінің тілшілері Саятхан Сатылғанов, Талғат Нұрхан және қаламгер Ақерке Кенжебек көрінді. Ал ең жас қатысушы  Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Диляра Матвай ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Марапат барысында бас жүлде иегері Шапағат Әбдір:

Құс көрдім, қасқыр құсап ұлиды екен,
Түс көрдім алтын бопты құм илесем.
Тараздың суайттары қалайсыздар,
сіздермен жалған емес,шын үйлесем.

Жұмаққа жаңа ғана барып келдім,
Поровойы күнменен жылиды екен.
Тозаққа да, көзімді салып өттім,
Деген жоқ маған ешкім «жүр үйге сен».

Бір білгенім короновирус кезінде ақша жеген
Адамдар ол жақта да құриды екен.
«Таразға барам» деп ем, сәлем айтты,
Жамбыл мен Абай атам бір үйде екен.

Тастан салсаң орнында тұрмайды деп,
Алтыннан құйсаң тағы шіриді екен,
Мүсінімді қорладың деп Қонаев ұрысты,
Кейде бізден көңілі суиды екен.

«175 жылдығымды тойлады» деп,
Тек Ұлы Абай Тоқаевқа риза екен, – деп табанда суырып салып, жүзден жүйрік екенін танытты.

Айта кетейік, Тараз қалалық Jambyl-Taraz  газеті бұған дейін де «Кітап оқып, миллионер атан!» атты байқаудың түндігін түргізіп, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру бағытында игі іс қылған болатын. Енді міне   шоқ тілді Шона ақынның туған күніне орай да ерекше байқау өткізіп, көптің ықыласына бөленіп отыр.

Сатылғанов Саятхан,
Жамбыл облысы

 

 
Тегтер: байқаужеңімпазТаразШона Смақанұлы
Алдыңғы жаңалық

Cбербанкпен бірге шыңға шығамыз

Келесі жаңалық

Талғарда үй өртеніп, 3 адам қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат»
Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
ауа райы
Жаңалықтар

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 2021
дзюдо
Жаңалықтар

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 23:49

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 23:18

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 22:21

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 21:19

Өскеменде ер адам зейнеткердің 2 млн теңгесін жымқырып кеткен

Қаңтар 16, 20:52

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 20:10

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 20:04
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

«Қайрат»

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»