Талғарда үй өртеніп, 3 адам қайтыс болды
Талғарда үй өртеніп, 3 адам қайтыс болды
155
оқылды

Бүгін сағат 03:40-та Талғар қаласында жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы шұғыл жеткен. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның мәйіті табылды. Өртті сағат 04:50-де толық сөндірді. Аумағы – 40 шаршы метр» делінген ресми хабарламада.

Өрттің шығу себебін мамандар анықтайды.