Бүгін сағат 03:40-та Талғар қаласында жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы шұғыл жеткен. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған.Өрттің шығу себебін мамандар анықтайды.«Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның мәйіті табылды. Өртті сағат 04:50-де толық сөндірді. Аумағы – 40 шаршы метр» делінген ресми хабарламада.