Самара – Шымкент тас жолында Тәжікстан азаматының неден қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz хабарлады.
Полицияның хабарлауынша тәжікстандық азамат жүрек талмасынан қайтыс болды. Сондай-ақ боран салдарынан жол бойында қалған да басқа азаматтарға көмек көрсетілгені айтылды.
Айта кетейік, 5 қарашаның таңында Самара – Шымкент тас
жолында боран салдарынан тұрып қалған автобустан тәжік азаматының өлі денесі
табылды. Ресейдің Түмен қаласынан туған жері Ходжанға қайтып келе жатқан жолаушының
есімі – Хачамурод Баенов.