Полицей көлік жүргізушісін өрттен құтқарды
Полицей көлік жүргізушісін өрттен құтқарды
91
оқылды

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

8 қараша күні сағат 13:20 шамасында «Борт 249» патрульдік полиция жасағы командирінің міндетін атқарушы, полиция аға лейтенанты Дархан Танабаев бір жолда, бір бағытта келе жатып, Газельдегі түтінді байқаған. Полицейлер көлікті тоқтатып, өртті сөндірді. Жүк көлігі жүргізушісінің Түрген ауылына қағаз, тез тұтанатын бұйымдар апара жатқаны белгілі болды. Өрттің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанғаны белгілі болды. Көлік жүргізушісі өрттен құтқарғандарға алғыс айтты.