Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова 20-26 қаңтар аралығында Монастирде өткен ITF турнирінде жеңіске жетті. Финалдағы белорустық Юлия Хатукиге қарсы кездесуі 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. "Хардта" әлемнің 503-ші ракеткасының қарсыластары италияндық Карола Кавелли - 6:0, 6:0, ресейлік Наталья Орлова – 6:1, 6:0, Чех Мириам Колодежова – 6:1, 6:1 және фин Она Орпан – 6:0, 6:3 болды. Турнирдің жүлде қоры 15 000 долларды құрады. Азиаданың қола жүлдегері ITF сериясының турнирін екінші рет жеңіп алды. Гозаль Айнитдинова-Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасымен 2008 жылдың 1 маусымында құрылған Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушісі. Бұл жобаның мақсаты - болашақ ойыншыларды алдағы уақытта халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғау үшін тәрбиелеу. Бүгін Анталияда осындай табысқа Тимофей Скатов та жетті.