Қызылағаш қырғыны қайталанбауы қажет
Қызылағаш қырғыны қайталанбауы қажет
134
оқылды

Сенатта осы айда су қауіпсіздігі мәселелері жеке талқыланады. Дариға Назарбаева­ның төрағалық етуі­мен Сенат бюросының оты­рысы өтті. Онда Жоғарғы па­ла­таның алдағы бейсенбі, 7 қарашаға жоспарланған оты­ры­сының күн тәртібі ай­қын­­дал­ды.

Бұған қоса, Сенат жоспарына сәйкес 29 қарашада «Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, проб­ле­­ма­лар және ұсыныстар» та­қы­­­рыбында парламенттік тың­дау ұйымдастырылатыны бел­­­­гілі болды. Оны өткізу па­ла­­­та­ның Ха­лықаралық қаты­нас­­тар, қор­ға­ныс және қауіпсіз­дік ко­ми­тетіне жүктелді. Бюро мү­ше­лері осы мә­се­леге байла­ныс­ты су қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етудегі аса маңызды, көкейкесті мәселе­лер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Сенат төрағасы мемлекеттік және жекеменшік су қоймалары үшін бірыңғай талаптар мен стан­дарт­тар болуға тиіс екенін атап өтті.

– Жекеменшік су қоймалары да мемлекеттік су қоймасы дең­­гейін­де бақылануға тиіс. Олар­ға қойылатын талаптар мен стан­­дарттар қандай, оларды мемле­кет­тік органдар соңғы рет қашан тексерді? – деп Д.Назарбаева бас­ты мәселелерге назар аудартты.

Осы орайда, Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіп­­сіздік комитетінің төрағасы Мұх­тар Құл-Мұхаммед 2010 жылғы 11 наурызда Қызылағашта болған қайғылы оқиғаны мысалға кел­тір­ді. Онда бөгеттің бұзылуы сал­да­рынан 45 адам қаза тапты.

– Оны жекешелендіргеннен кейін меншік иесі бірде-бір тиын қар­жы салған жоқ. Гидротех­ни­­калық жеке құрылыстардың иеле­ріне ешқандай стандарттар белгіленбеген, – деді ол.

Дариға Назарбаева су қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету са­ла­­сындағы қазіргі заңдар­ды, нормативтерді және стан­­дарттарды мұқият зер­де­леуді және оларды жетілдіруге орай ұсыныстар әзірлеуді жүктеді.

Бұдан бөлек, бюро отырысында Сенат комитеттерінде қаралып жатқан үшжылдық бюджет мәсе­лелері талқыға салынды.

– Бюджеттің игерілуіне қатысты үнемі көп сын айтылатыны мәлім. Республикалық бюджеттің дұрыс қалыптасуы мен орындалуына тек Үкімет пен атқарушы орган­дар ғана емес, сонымен бірге депутаттар да жауапты деп есеп­теймін. Өйткені бұл заңды қабыл­дайтын – Парламент. Сондық­тан барлық комитеттерге осы маңызды құжатты мемлекеттік көзқараспен, мұқият, жан-жақты қарауды тапсырамын, – деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Қаржы және бюджет коми­­тетінің төрағасы Ольга Пере­печина қазір жұмыс топтарында үшжылдық бюджет пысықталып жатқанын айта келе, өзі басқа­ра­тын бейінді комитеттің кеңей­тілген отырысы 21 қарашада бола­ты­нын және заң жобасы одан кейін Сенаттың жалпы отыры­сында қарауға берілетінін жеткізді.

Жоғарғы палата төрағасы Сенат материалдары негізінде үздік журналистік зерттеулерге арналған байқау және экология­лық журналистика байқауының басталғаны туралы бюро мүшеле­рін хабардар етті.

– Бұл конкурстың мақсаты – журналист мамандығын кеңінен насихаттау және кәсіп беделін арттыру, «журналистік зерттеу» жанрын дамыту, Сенаттың қызметі туралы халықтың хабардар болу деңгейін жоғарылату, экология саласындағы заңнаманы жетілдіру, журналистерді көтермелеу, – деді Д.Назарбаева.

Бюрода анықталғандай, Сенат­тың осы аптадағы отырысында «Қа­зақстан мен Украина арасын­да­ғы экстрадициялау туралы шарт­­ты ратификациялау туралы», «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынты­мақтастық және өзара көмек туралы келісімге өз­ге­рістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Кей­­бір заңнамалық актілерге мем­ле­кет­тік қызметтер көрсету мәсе­ле­лері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады.

Бюрода Мәжілістен келіп түс­кен жаңа заң жобалары Сенат комитетіне бөліп берілді. Атап айтқанда, «Қазақстан мен Моң­ғо­лия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша конституциялық заңнама, сот жүйесі және құ­қық қорғау органдары коми­теті «бас комитет» болып бел­гі­ленді. Ал Қазақстан мен Түр­­кия үкіметтері арасындағы «Әскери ынтымақтастық туралы келісімді» ратификациялайтын заң жобасына Халықаралық қа­ты­нас­тар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитеті қорытынды әзірлейді.