Елдіктің қуаты – білімде

Елдіктің қуаты – білімде

Nur Otan партиясының Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Қазақстан–2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасында белгіленген әр бағыттың сапалы іске асырылуы елімізді жаңа белеске, сапалы даму деңгейіне бастайды.

Халқымызда «Білегіңе сен­бе, біліміңе сен» деген әр за­манда өзекті даналық бар. Қа­зақстан азаматтары жақсы білім меңгерсе, әрқайсысы білікті ма­­­манға айналса, еліміз ертеңгі күнге нық сеніммен аяқ басып, бо­ла­шағы жарқын, алдыңғы қа­­тар­­лы мемлекетке айналары сөзсіз.

Өрлеудің көп мәселесі ең алдымен адам капиталына бай­ланысты. Сондықтан пар­тия өз бағдарламасының «Жаңа әлеу­­меттік саясат» бағы­тын­да білім беруді үздік әлем­дік стандарттарға жеткізу мә­се­ле­сіне баса мән беріп отыр. Се­бебі адами капитал сапасын жақсарту – білім беру саласының сапасына тікелей байланысты.

Сайлауалды бағдарламада инновациялық өсім, жұмыс күшінің мобильдігі, өнімді еңбек ету үшін орта қалыптастыратын, балаларды ерте бастан дамыту, бастауыш және орта білім, кә­сіптік даярлық, кәсіпкерлік және жаңашылдық, сондай-ақ дамуға септесетін сапалы жұ­мыс орындарын құру секілді бес сатыдан тұратын білім беру жүйесі бойынша атқарылуы тиіс шаралар кешені көрсетілген.

Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау мақ­са­тында өткен жылдары көп­те­ген балабақша мен мектеп­тер қолданысқа берілді. Бағдар­ламада белгіленгендей, респуб­ли­камызда апатты жағдай­дағы мектептерді және үшауы­сымды оқытуды жою үшін рес­пуб­ликалық бюджет қаражатына 2016-2018 жылдары – 194, ал жергілікті бюджет есебінен 2016-2017 жылдары 92 жаңа мектеп салынған. Соңғы екі жылда 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтылуы едәуір жақсарып, 95,2%-ды құрады.

Елбасының тапсырмасы бойынша 2017 жылдан бері «Баршаға арналған тегін кә­сіптік-техникалық білім» жо­басы жүзеге асырылуда. Жо­ба аясында кадр даярлауға мем­лекеттік тапсырыс көлемі жыл­дан- жылға артып келеді. Был­тырғы оқу жылында нормативтік базаның дұрыс болмауынан ыстық тамақпен тек әлеуметтік жағдайы төмен студенттер ғана қамтамасыз етілген. Осыған орай, Мәжіліс депутаттары бір­реттік ыстық тамақпен барлық білім алушыларды қамтамасыз ету туралы депутаттық сауал жолдады. Ол Үкімет тарапынан қолдау тауып, тиісті Қаулы қа­былданды. Нәтижесінде, 2019 оқу жылынан бастап аталған са­наттағы білім алушылардың бар­лығы ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Тағы бір айта кетер жайт, жас­тарға бірінші жұмысшы ма­ман­дығын тегін алу мүмкіндігі берілсе де, студенттердің бар­лы­ғы стипендия алмайды. Со­нымен бірге «Еңбек» нәти­желі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде оқитын студенттердің барлығы үлгеріміне қарамастан, әлеу­меттік көмек ретінде стипендия алатыны белгілі. Демек, «Бар­шаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы бо­йынш­а оқитын студенттерге де стипендия беру шарттарын бірізділендіру керек.

Келесі мәселе педагог­тар­дың еңбекақысына қа­тыс­ты. Президент Қ.Тоқаев ұс­таз­дардың тамыз конференция­сында Үкіметке «білім беру жүйесіне білікті кадрды тарту үшін мұғалімдердің жалақысын төрт жылда 2 есеге көбейтуді» тап­сырды. Кейін 2019 жыл­дың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2020 жылдан бастап 4 жылда мұ­ғалімдердің ғана емес, соны­мен бірге еліміздің барлық педа­гог­тарының жалақысын жыл сайын 25%-ға арттыруды жүктеді.

Осы орайда, Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралғанда осы тапсырмалар жіті қарастырылып, бюджетке тиісті өзгертулер енгізілді. Яғни, алдағы төрт жыл ішінде ұстаздар қауымы жалақысын екі есеге көтеру үшін жыл сайын оны 25%-ға арттыру туралы міндеттің орындалуы қамтамасыз етілді.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі тура­лы» және «Кейбір заңна­ма­лық актілерге педагог мәртебесі, оқу­шы мен мұғалімге жүктемені тө­мендету мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасы әзір­ленді.

Бүгінде бұл жоба Мәжілісте құрылған жұмыс тобы аясында пысықталуда. Олар педагог мәртебесін көтеру, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін қысқарту, білім беру заңнамасындағы құ­қықтық олқылықтарды жою мақ­сатында дайындалған. Сон­дай-ақ енді педагог үздік еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген ұстазы» мемлекеттік наг­ра­­да­сымен марапатталатын болады.

Еліміздің саяси өмірінің да­муына сүбелі үлес қосушы Nur Otan партиясы осы кезге дейін көптеген мәселелердің ше­шілуіне ықпал етті. Әрқа­шан халық үшін қызмет етіп, әлеу­меттік жағдайдың жақсаруына күш жұмсап келеді. Ұлттар ара­сындағы достық, береке-бірлік нығайып, еліміздің дамуына сара жол ашылды. Қоғамда «Nur Otan – мейлінше ашық, сын­дарлы, заман талабына сай партия» де­ген сенім қалыптас­қан. Адам­дар­мен ашық сұхбат құруға мүмкіндік беретін, келе­шекті болжап, сенімді жұмыс істеуге жағдай жасайтын нақты іс-қимыл бағдарламасы бар пар­тия ел сенімін ақтау үшін аянбай еңбек етуде. Оған еліміздің күн санап көркеюі, жастардың қо­­ғам­­дық өмірге тартылуы, әлеу­­меттік нысанның көптеп ашы­луы дәлел.

Партияның сайлауалды бағ­дар­ламасында қамтылған мақ­саттарға қол жеткізудің сыры бүкіл қазақстандықтардың бірлескен іс-қимылында жатыр. Жалпы, білім саласына қатысты Елбасы тапсырмалары-ның барлығы Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша комис­сиясының тұрақты бақылауында болады.   

 

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,
Мәжіліс депутаты,
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының 
«Білім» бағыты бойынша комиссия төрағасы