«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды
«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды
«Үркер-2020» Ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, «Үркер-2020» сыйлығын марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы номинанттар есімін жариялады. Биылғы жылы байқаудың 11 номинациясы бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды. Шорт-парақ тізімі: 1. Жылдың үздік фотосуреті: Алтынбек Қартабай, «Арай» газеті Ернар Алмабек, Massaget.kz Руслан Мазунин, тәуелсіз фотограф Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы 2. Жылдың үздік репортажы: Әйгерім Таубай, «Sputnik Қазақстан» АА Айнаш Есалиева, «Egemen Qazaqstan» газеті Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы Данияр Әділбеков, Informburo.kz порталы 3. Жылдың үздік аналитикалық материалы: Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы Нұрлан Оразғалиев, «Айқын» газеті Есімжан Нақтыбайұлы, Inbusiness.kz порталы Гүлім Еркінбек, BariBar.kz порталы 4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Дархан Нұрымбетова, BaigeNews.kz порталы Елена Брицкая, Юрий Масанов, Informburo.kz порталы Михаил Козачков, «Время» газеті Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы 5. Жылдың үздік сұхбаты: Зарина Ахматова, HOLA News порталы Еркебұлан Нұрекеш, «Айқын» газеті Гульбаршын Сабаева, «Егемен Қазақстан» газеті Айгерим Фазыл, Tengrinews порталы 6. Жылдың үздік танымдық материалы: Азамат Әбілұлы, «Egemen Qazaqstan» газеті Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА Еңлік Сақтан, BariBar.kz порталы Динара Насыр, Жайық пресс порталы 7. Радиостанциядағы үздік жоба: «Эфирде 102 FM» бағдарламасы, «Atyray» радиостанциясы «Бизнес Start» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы «Сәтті күн» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы «Өмірдің өзі» бағдарламасы, «Halyk radiosy» радиостанциясы 8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы: BAQ.kz порталы LS Aqparat порталы TengriNews порталы BaigeNews.kz порталы 9. Жылдың үздік газеті: «Курсив» бизнес апталығы «AQ JOL» Жамбыл облыстық газеті «Túrkistan» халықаралық газеті «Жас алаш» газеті 10. Жылдың үздік журналы: «Ақылдым» журналы «Мұқағали» журналы «Akyl-kenes» журналы «Жұлдыз» журналы 11. Шерхан Мұртаза атындағы Номинация: Қайнар Олжай Сәрсенбай Қали Еркін Қыдыр Думан Бықай Ұлттық бәйге жеңімпаздары 13 қараша күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі «Қазмедиа орталығында» өтеді, ал көрермендер назарына Сыйлықтың urker-awards.kz сайтында тікелей эфир ұйымдастырылатын болады. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі. Ұлттық бәйге ұйымдастырушысы: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.