Алматыда полиция қызметкерлері сот орындаушылары және МКД қызметкерлерімен бірге «Борышкер» іс-шарасы кезінде 27 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады, деп жазды Polisia.kz.
«ЖАІ-ның үш күн ішінде қарызының жалпы құны 1 миллиард 223 миллион 170 мың 004 теңгені құрайтын 21 көлік анықталды. 21 автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылған. Көлік құралдарының жүргізушілеріне 2 миллион 072 мың 686 теңге қарызы туралы хабарламалар берілді», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.Рейд кезінде «Lada Granta» автокөлігі тоқтатылды, оның иесі 1989 жылы туған Ф. есімді азамат жол ережесін жиі бұзған және жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрайтын төленбеген айыппұлы бар. Әкімшілік полицияның мәліметінше, тағы бір автокөлік жүргізушісі бір апта ішінде жол қозғалысы ережелерін сегіз рет бұзған. Бұл жолы айыппұлдың мөлшері 119 мың теңгеден асты.