Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин сауда, ойын-сауық орталықтары жексенбі күндері де жұмыс істейтінін айтты.
«Қазір Қазақстан бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысы регламенттелмейді. Егер бұған дейін олар сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемесе, енді оларға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бірақ сауда орталықтарының жұмысы 1 сағатқа қысқарды», - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұған дейін Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес енді сауда, ойын-сауық орталықтары келушілер саны 30%-дан аспаса, 1 келушіге 4 шаршы метр аумақ қарастырылған жағдайда түнгі 22:00-ге дейін ашық болады. Осы орталықтарда жекелеген алаңдарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындары да сол уақытқа дейін ашық болады.