Бүгін еліміздегі ең үлкен саяси науқан Мәжіліс сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу мен облыс мәслихаттары мен Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды.
Осыған орай билеуші партия праймериздің келесі деңгейіне көшіп, еліміздің барлық өңірлерінде 202 партиялық конференция өткізіп жатқан жайы бар. Яғни қарапайым тілмен айтсақ, 1412 праймериз кандидаттары облыс мәслихаттары мен Мәжіліс пен «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне қосылу үшін пікірсайыстарға қатысып, өз күштерін тағы да бір сынайды деген сөз! Сондықтан бәріміз конференцияларды әлеуметтік желілерде партияның аймақтық филиалдарының аккаунттарында тікелей эфирде көруге зор мүмкіндік бар! Бүгін осындай маңызды конференция «Nur otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында болып өткені бәрімізге белгілі.
Сонымен, күн тәртібінде ең басты жаналық, мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Жалпы партиялық тізімге қатысқан 8 үміткерлер ішінен оза шауып жеңіс тұғырына көтерілген 4 үміткерге тоқталсақ; бірінші орынды қазіргі мәжіліс депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы 44 жастағы Берік Оспанов иеленді. Оның кандидатурасын 120 делегаттың 113-і қолдаған, Екінші орынды Ғани Ташқариев иеленді. Оның бизнес-құрылымдарда үлкен тәжірибесі бар. Оған 109 адам дауыс берсе, «Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының» төрағасы Берік Бекжанов Ташқариевтен 3 дауыспен артта қалды. Ол тәжірибелі заңгер, әр салада 35 жылдық тәжірибесі бар, оның 15 жылы прокуратура мен сот жүйесінде қызмет атқарған, төртінші орында 38 жастағы көпбалалы ана Жадыр Таңатарова Ол 30 пайыздық әйелдер квотасына кіре отырып, Қаратау ауданында 2 орынға ие болды. Жадыра Таңатарова - Сайрам көмекші мектебінің директоры, 10 жылдан астам уақыт бойы ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелерін басқарады. Оған 96 делегат дауыс берген. Үміткерлерді құттықтай отырып алдағы сайлауда жемісті жұмыс атқарып, халық көңілінен шығады деп сенеміз.
Мәслихаттың партиялық тізіміне талдау жасасақ, мысалы, қазіргі Шымкент қалалық маслихатта үш әйел ғана депутаттық қызметте отырғанын ескерсек, бүгінгі тізімде әйелдердің үлес саны 3 есе11-ден 30% -ке дейін артады, қазіргі мәслихаттағы 26 депутаттардың жастық үлесін сараптасақ, 13 депутат 41-ден 50 жасқа дейін, 9 депутат - 51-ден 60 жасқа дейін, үшеуі 60-тан асқан (олардың екеуі қазірдің өзінде зейнеткерлер), осы уақытқа дейін тек бір ғана жас депутат болған, бүгінгі тізім бойынша 35 жасқа дейінгі жастар - 0-ден 20% -ға дейін, үміткерлердің орташа жасы 49-дан 44 жасқа дейін төмендеді. Қазірдің өзінде Шымкент мәслихаты айтарлықтай жасарады деп болжауға болады. Қызметтегі депутаттардың ішінен 8 адам ғана жаңа тізімге енгізілген. Тізімдегілердің көпшілігі - шағын және орта бизнес өкілдері - 30%, білім саласы - 17%, үкіметтік емес ұйымдар - 12% және т.б.
Жалпы мәслихаттың партиялық тізімі праймериз нәтижесінде басқаша сипатта болып отырғанын байқаймыз, бірақ сайлауға «Nur Otan» басқа тағы 5 партия қатысады және бәрі олардың қандай кандидаттарды аймақтық және орталық деңгейде тізімге жариялайтынына және сайлаушының қалай дауыс беретініне байланысты.
Сондықтан, бүгін «Nur otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында бастау алған конференция нәтижелі өтіп, жоғарыда айтылған мәселелерден басқа Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық Сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама ерекшелігі ел экономикасын дамыту, пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс - тіршілігін жақсартуға бағытталып, бағдарламаға праймериздің өту барысында тұрғындардан түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы көрініс тапқан, 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша енгізілді. Конференция барысында сайлауалды бағдарлама бірауыздан қабылданды. Сонымен қатар, Нұр-сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезекті XX съезіне қатысатын 20 делегат делегаттар сайланды.
Меруерт Төлебаева