Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның тағы бірнеше аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. 12 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде 11-13 қараша күндері тұман, 12-13 қарашада көктайғақ болады. 11-12 қараша аралығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 11-13 қарашада кей уақытта тұман түсуі ықтимал.12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 11 қараша күні жауын жауады. 11-12 қараша күндері кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда11-12 қараша аралығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 11 қарашадатұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді. Өскеменде 11 қарашадакүндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Семейде 11 қараша күнікүндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.